Мемлекеттік және жергілікті басқару

Мамандықтың сипаттамасы:
Мемлекеттік және жергілікті басқару – бұл ұлттық шаруашылықты, оның салалары мен аймақтарын басқарудың тиiмдi жүйесiн құруға бағытталған мамандық. Осы мамандықтың түлектері басқару және құқықтану, саясаттану және экономика, психология, әлеуметтану және басқа ғылымдар саласында білімдерін игереді.
Мемлекеттік және жергілікті басқару – кәсіби мемлекеттік қызметші болғысы келетін және озық басқару технологияларын еркін меңгергісі келетін адамдар үшін арналған мамандық.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Табысты менеджер» студенттік үйірме жұмыс жасайды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңіпаз студенттердің санын арттыруына әкелді. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері Қазақстан Республикасы ЖОО-ның арасында жыл сайынғы өткізілетін республикалық пәндік олимпиадаларының шешуші турларынан өтіп, жүлделі орындарға иеленді.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Бұл мамандық алынған білімімен жұмыс берушілердің талаптарына сай бағалы дағдылармен, басқарушылық және ұйымдастырушылық талантымен, бастамашылдық және бейімділікгімен, тамаша мансаптық мүмкіндіктер ұсынады.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық – әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздерін, макроэкономикалық процесстерді реттеуді, халық шаруашылығын тиімділігін қамтамасыз етуді;
• шешілуі жалпы мемлекеттік, салалық, аймақтық мүдделердің бір мезгілде есепке алынуын талап ететін халық шаруашылығы мәселелерін үйлестіруде жоспарлы және нарықтық үлгілердің әдістері мен негіздерін біріктіре қарастыруды;
• халық шаруашылығын және оның салаларын басқарудың мемлекеттік және жалпымемлекеттік органдарының құрылымы мен қызметінің ұйымдастырушылық негіздерін.
• тиісті аймақтардағы қоғамдық тұрмыс ережелерін, демографиялық және шаруашылық жағдайларын терең білу негізінде әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шеше алатындай болуға;
• қызметтес әріптестерімен өзара қарым – қатынаста құзіретті болуға;
• мінез – құлық мәдениеті мен қызметтік этиканың жеткілікті деңгейін меңгеруге;
• әр түрлі ортада өзін – өзі басқару және мәселелерді шешу барысында қалыпты психологиялық жағдай жасауға.
• мемлекеттің экономикалық саясатын негіздеу бойынша, алдағы уақытқа мақсаттары анықтау және ел мен оның әкімшілік – аумақтық таксондарының әлеуметтік – экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарын әзірлеу жөнінде тиісті ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстарды үйлестіруді;
• өзінің жұмысында мемлекеттік реттеудің және экономикалық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесін қолдана білуді;
• алдағы кезеңге қоғамның өндіргіш күштерін тиімді орналастыру жолдары мен концепциясын негіздеуді;
• облыстардың, аймақтардың және қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуының кешенді жоспарларын әзірлеуді және оларды жүзеге асыру әдістерін;
• қазіргі білім беру технологиясын қолдана білім алу және оны жаңартуды.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы түлектері қызмет атқара алады:
– Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аппараты;
– ҚР Парламенті аппараты;
– ҚР Үкіметі және түрлі құрылымдық бөлімшелерінде;
– Экономика және қаржыны басқару органдары (министрліктер, ведомстволар, агенттіктер);
– Жергілікті басқару органдары (аудандық, қалалық, облыстық), және атқарушы органдар;
– Ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар;
– Мемлекеттік мекемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.

Қысқа мәлімет

Мамандың шифры: 5B051000
Академиялық дәрежесі:
Экономика және бизнес бакалавры
Таңдау пәні: География
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
350 000 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Экономикалық теория негіздері
Профильдік пәні:
Маркетинг
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Студентке еркіндік, шабыт беретін университет арқасында түрлі ақындық сайыстарға қатыстым және де терең білімнің арқасында, ауыл шаруашылығының әл-ауқатын арттыру мақсатында «Өнімді өлке» атты жобамен республикалық олимпиадада жүлделі орын алдым


Наурызбай Қанат

Бала кезімнен ғылымға қызығатынмын, университет қабырғасында ғылыми-жұмыстарымен айналысып, инновациялық және әлеуметтік жобалармен әртүрлі байқауға қатысып, нәтижесінде «Жыл студенті» облыстық байқауында «Үздік әлеуметтік жоба»номинациясын, «Жастар сыйлығы» қалалық байқауында «Жас ғалым» номинацияларының жеңімпазы атандым

Қарақойшиев Абзал

Сұрағыңыз болса: