Стандарттау және сертификаттау

Мамандықтың сипаттамасы:

«Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бүгінгі таңда кез келген өнеркәсіп пен қызмет көрсету салаларында өте жоғары сұранысқа ие мамандықтардың қатарына жатады. Стандарттау және сертификаттау мамандығы нормалардың орындалуын бақылау және тарату, өнімдерге талаптар мен ережелер, процесстер және жүйелерді құру, олардың өнімдері, өндірістері, қолданулары, өнімдердің және қызмет көрсетулердің қауіпсіздіктері, өндірушілер мен тұтынушылар үшін биік экономикалық тиімділік бойынша білім береді.

Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектісіне басқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдар, өнімге, қызметке, жұмысқа, кәсіпорындар мен сынау зертханаларының жабдықтарына, өлшеу, сынау, бақылау әдістеріне, құралдарына, нормативтік құжаттарға, стандарттау, сертификаттау, метрология, сапа менеджменті жүйесіне, өндірістік, әлеуметтік, экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз етуге, өлшеу техникасын жобалауға, дайындауға, пайдалануға тікелей қатысты басқару органдары, кәсіпорындар, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік түріндегі ұйымдар бола алады.

Оқудың артықшылығы:

«Стандарттау және сертификаттау» мамандығының оқу бағдарламасы университет қабырғасында бір бағыт бойынша жүргізіледі:
• Сала бойынша стандарттау және сертификаттау.

Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:

«Стандарттау және сертификаттау» мамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Машина жасаушылар» атты студенттік үйірме жұмыс жасайды.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі — студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де жеңіпаз студенттердің санын арттыруына көмектеседі.
Оқудағы жетістіктеріне қарай студенттер «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Құрманғазы Петролум» ЖШС, «Тасболатойл» ЖШС т.б. компанияларының оқу гранттарын ұтып алып, білімдерін ұштай түсуде.

«Стандарттау және сертификаттау» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:

Студенттер төрт жылдың ішінде ең бастысы — қазіргі стандарттау және сертификаттау саласының орны мен рөлін талдауды игереді; ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгереді; жаңа ақпараттық құралдар мен олардың қолданылуын меңгереді

Студенттер бітіргеннен кейін:
• елдегі және шетелдегі стандарттау, сертификаттау және квалиметрияның қазіргі заманғы күйін игереді;
• стандарттарды, техникалық шарттарды және басқа нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу, бекіту және еңгізу тәртібін, сапа менеджменті жүйелерін, оларды әзірлеу, сертификаттау тәртібін, аудиттің еңгізілуі мен жүргізілуін меңгереді;
• кәсіпорындар мен ұйымдар, өнімге, қызметке, жұмысқа, кәсіпорындар мен сынау зертханаларының жабдықтарына, өлшеу, сынау, бақылау әдістеріне, құралдарына, нормативтік құжаттарға, стандарттау, сертификаттау, метрология, сапа менеджменті жүйесіне, өндірістік, әлеуметтік, экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз етуге, өлшеу техникасын жобалауға, дайындауға үйренеді.

Стандарттау және сертификаттау мамандары келесі компанияларда қызмет атқара алады:

-стандарттау  және сертификаттау орталықтары;

-аспаптар мен құрал-жабдықтарды тексеру мен калибрлеу бойынша зертханалар;

-сынақ зертханалары;

-тауарды сараптамадан өткізу мекемелері;

-ғылыми-зерттеу және жобалау институттары.

-өнім сапасын бақылаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер (сауда инспекциясы, санэпидбақылау, гостехбақылау);

-тұтынушылардың құқығын қорғау мекемелері;

-кеден қызметі, патенттеу бюросы.

-өнімнің жаңа түрін енгізуші кез келген ұйымдар;

-кез келген өнеркәсіпте сапа бойынша менеджер.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5B073200
Берілетін дәреже:
Стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша технология және инженерлік ғылымдар бакалавры
Таңдау пәні: Физика
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
346 600 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Физика
Профильдік пәні:
Стандарттау
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
292 000 теңге / 1 оқу жылына

Атаулы білім ордасын таңдап, өзіме ұнаған мамандықта білім алып жатқаныма қуаныштымын. Университеттің білім базасы мен заманауи зертханалық құрал-жабдықтармен жабдықталуы еліміздегі озық жоғарғы оқу орындары қатарынан табылуы менің болашақта білікті, білімді маман иесі атануыма өз септігін тигізетініне кәміл сенемін

Амалбекқызы Айдана

Осы жоғарғы оқуды таңдап білім алып жатқаныма өте қуаныштымын, себебі оқу барысында болашақ мамандығым туралы көптеген нәрсені біліп үйрендім. Осы жоғарғы оқу орнын таңдағаныма еш өкінген емеспін. Оқу барысында болашаққа деген сенімім артып, мақсатым айқындалды

Таубаева Айшат

Сұрағыңыз болса: