Дене шынықтыру және спорт

Мамандықтың сипаттамасы:
Дене шынықтыру және спорт бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің мазмұны дене шынықтыру мен спорт саласындағы келесі бағыттардан тұрады: педагогикалық (білімдік); жаттықтырушылық (спорттық); ұйымдастыру-басқарушылық; өндірістік-технологиялық; сервистік; жобалық; тәжірибелік-зерттеушілік; дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-зерттеулерден тұрады.
Мұғалім, жаттықтырушы ретінде педагогикалық-білімдік қызмет жеке тұлғаның дене шынықтыру мәдениеті саласында ғылыми-практикалық білімдердің көзқарастық жүйесін (мотивациялы-құндылықты және денсаулық сақтау қатынасын) қалыптастыруға бағытталған.
Педагогикалық-білімдік, тәрбиелік, спорттық-сауықтыру, жаттықтыру, ұйымдастыру, дене шынықтыру бойынша әдістемелік және нұсқаушылық, туризм, ғылыми – әдістемелік, спорттық-төрешілік, психологиялық-педагогикалық сапалар жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Дене шынықтыру және спорт мұғалімі – жаттықтырушысының жеке тұлғаны тәрбиелеумен, қиындықтарды жеңумен, ерік күшін тәрбиелеумен, құндылықты бағдарды қалыптастырумен, спорттық этиканы және т.б. сақтаумен байланысты болып келеді.
Оқудың артықшылығы:
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының оқу бағдарламасы университет қабырғасында екі бағыт бойынша жүргізіледі:
• Дене шынықтыру мұғалімі
• Спорт жаттықтырушысы
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы аясында жылда республикалық, облыстық, қалалық спорттық жарыстарға қатысады.
Облыстық және қалалық спорттық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп келеді.
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдың ішінде ең бастысы – дене шынықтыру мұғалімі қызметінің қыр-сырын игеріп, жаттықтырушы, емдік дене шынықтыру және массаж нұқсаушысы т.б. адам денсаулығы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың алдын-алу және жетілдіру бағытында өз білімдерін жетілдіріп шығады. .
Дене шынықтыру және спорт мамандығын бітіруші бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін іске асыра алады:
• дене шынықтыру;
• дене тәрбиесі мұғалімі;
• спорт (бұқаралық спорт түрлері, балалар мен жасөспірімдер спорты, параолимпиадалық спорт);
• дене шынықтыру рекреациясында нұсқаушы;
• тұрғындарды дене шынықтыру және емдік дене шынықтыру тәсілдері арқылы сауықтыру нұсқаушысы;
• бейімделу дене шынықтыру нұсқаушысы.
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алғандар келесі қызмет объектілдерінде жұмыс атқара алады:
— жалпы білім беретін орта мектептерде
— жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінде
— бейімделу орталықтарында
— фитнес залдарда
— жазғы демалыс лагерьлерінде
— демалыс орындарында (санатория)
— мемлекеттік мекемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.

Қысқа мәлімет

Мамандың шифры: 5B010800
Академиялық дәрежесі:
Дене шынықтыру және спорт білім бакалавры
Таңдау пәні: Шығармашылық емтихан
Профильдік пәні: Шығармашылық емтихан
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
443 300 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Педагогика және психология негіздері
Профильдік пәні:
Шығармашылық емтихан
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Мен осы мамандықта оқып жатқалы бері, спортқа деген қызығушылығымды соның ішінде өзімнің сүйікті спортым Кикбоксингқа ұстаз оқытушыларымның тәлім-тәрбие және білімдері арқылы жеттім деп ойлаймын. Келешекте өзімнің сүйікті спортым арқылы Қазақстанның көк туын әлем және олимпиада ойындарында дүние жүзіне танытқым келеді.

Селбай Онербек

Алып жатқан білімнің арқасында халықаралық түрлі деңгейдегі жарыстарға батыл түрде қатыса аламын. Университеттегі ұстаздарым мен жоғары білікті мамандардың маған тек спортта ғана емес, өмір сабақтарынан да берер тағылымы мол.



Суюншалиев Азамат

Сұрағыңыз болса: