Педагогика және психология

Мамандықтың сипаттамасы:
«Педагогика және психология» мамандығы бакалавры; тәрбиеленушілердің әлеуметтік дамуы мен тұлғалық мәселелерін психологиялық-педагогикалық тұрғыда зерттеу; білімгерлердің жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, түзету және дамыту бағдарламаларын жасау болып табылады.
«Педагогика және психология» мамандығы білім бакалавры төмендегідей функцияларды атқарады:
• оқушылардың субъектілік іс-әрекеттерін ұйымдастыру және тұлғаның қалыптасуы мен даму процесін басқару;
• оқушылардың әлеуметтік және психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жасауға атсалысу;
• білім беру мекемелерінде педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
• әлеуметтік бейімделуге кедергі тудыратын жағдайлардың алдын алу;
• ата-аналадың психологиялық-педагогикалық сауатын ашу.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, «Қазақстан Республика-сындағы балалардың құқығы туралы» және басқа да білім беруге қатысты нормативтік-құқықтық актілерді, педагогика мен психологияның негіздерін білетін, педагогика мен психологияның теориялық жағдайларын кәсіби іс-әрекетінде тәжірибе жүзінде қолдана білетін, білім беру мекемелерінде педагогикалық үдерісті және психологиялық іс-әрекетті ұйымдастыра алатын, оқу-тәрбие шараларының жоспарларын, жобаларын, бағдарламаларын жасап оларды мектепке дейінгі, жалпы орта, бастапқы кәсіби және орта кәсіби білім беру мекемелерінде жүзеге асыра алатын маман даярлау.
Педагогика және психология мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдың ішінде – адамдармен қажетті қарым-қатынас орната білуді, өзінің даму мүмкіндіктерін анықтауды, өзін дене, рухани және интеллектуалдық жағынан дамытуды, өзінің көңіл-күйін реттеу және өзін-өзі қолдау амалдарын меңгеруді үйренеді.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• оқушылардың әлеуметтік және психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған психологиялық-педагогикалық жұмыстарды меңгереді;
• психология, педагогика ғылымындағы өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталған
ғылыми-зерттеу іс-әрекетін;
• тәрбиеленушілердің психологиялық-педагогикалық диагностикасын талдауды;
• педагогикалық ұжым мен ата-аналарды тәрбиеленушілердің әлеуметтік дамуы мен жеке тұлғалық мәселелеріне бағыттау мақсатында жүргізілген зерттеу жұмысының деректері бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасауды уйренеді.
• дарынды балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жұмыстарын;
• педагогика және психологиядан алған теориялық білімдерді тәжірибеде қолдану мәселелері бойынша тәрбиешілерге, педагогтарға кеңес беру;
• 12 жылдық бейіндік оқытуға көшуге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жұмыстарын меңгереді.
Педагогика және психология мамандығының түлектері қызмет атқара алады:
– мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері
– жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, соның ішінде лицецейлер, гимназиялар, шағын комплектілі мектептер, санаторилік мектептер, спорт мектептері, балалар үйі
– арнайы түзету мекемелері (ақыл-ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар мен мектеп-интернаттар)
– бастапқы кәсіби білім беру мекемелері (лицейлер)
-орта кәсіби білім беру мекемелері (колледж).

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5В010300
Академиялық дәрежесі: Педагогика және психология мамандығының мамандығы бойынша білім бакалавры
Таңдау пәні: Биология
Профильдік пәні: География
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
443 300 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Педагогика және психология негіздері
Профильдік пәні:
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Университет қабырғасында білім ала жүріп, Республикалық деңгейде өткен пәндер олимпиадасына қатысып, «Ізденімпаз» номинациясы жеңімпазы атандым.

Базарбаева Гүлдариға

Педагогика және психология» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиадаға, студенттер арасындағы конференцияларға белсене қатысып отырдым.

Далабаева Айдана

Сұрағыңыз болса: