Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Мамандықтың сипаттамасы:
• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бакалавры кәсіби қызметінің объектісі жалпы білім беретін мектептердің бірінші сатысының барлық түріндегі педагогикалық үдеріс және білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыс болып табылады.
• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бакалаврының кәсіби қызмет саласы білім беру мекемелерін қамтиды (жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысы, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттары, білім беру департаменттері).
Оқудың артықшылығы:
«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша қосымша білім беру бағдарламасы қарастырылған: «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі және шет тілі»
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде ғылыми және әдістемелік жұмыстарды шығармашылықпен ұйымдастыра алатын, инновациялық технологияларды педагогикалық үрдісте пайдаланатын, мәдени ойлау дағдыларын меңгерген, жаңа формация маманын даярлау.
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдың ішінде ең бастысы – әр дүниеге байыппен және тиімді тұрғыдан қарай білуді, ата-аналармен, оқушылармен қарым-қатынас орната алуды меңгереді.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• бастауыш мектептің педагогикасы мен этнопедагогиканың ұғымдары және әдіснамалық негіздерін меңгереді;
• 6 жасар балалардың тұлғалық дамуы және қалыптасу заңдылықтарын біледі;
• кіші мектеп жасындағы балалардың анатомиялық-физиологиялық негізгі заңдылықтары мен дамуын біледі;
• мектептегі оқуға баланың дайындығының мониторингінің ғылыми – теориялық негіздерін;
• қазіргі қолданыстағы бастауыш білімнің стандартын, оқу бағдарламаларын және
оқу құралдарының құрылымы мен мазмұнын біледі;
• оқытатын пәндердің теориялық негіздерін;
• оқытатын пәндердің мақсаты мен міндеттерін, бастауыш мектептің қазіргі кезеңдегі дамуын біледі;
• бастауыш сыныптардағы оқу пәндерінің оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін меңгереді.
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының түлектері қызмет атқара алады:
– жалпы білім беру мектептері
– шағын комплектілі мектептер
– гимназиялар, лицейлер. т.б.
– сауықтыру жұмысы
– педагогикалық психология немесе тәрбие қызметін басқару бойынша мамандану мүмкіндігі бар.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5B010200
Академиялық дәрежесі: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім бакалавры
Таңдау пәні: Биология
Профильдік пәні: География
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
443 300 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Педагогика және психология негіздері
Профильдік пәні:
Тәрбие жұмысының теориясы мен тәжірибесі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

2016-2017 оқу жылында Қарағанды қаласында ұйымдастырылған пәндік олимпиададан, еліміздің бірқатар оқу орындары арасынан командалық есеп бойынша 3-ші жүлделі орынға ие болдым.

Едігеева Нұрбибі

Университетте ғылыми-қоғамдық жұмыстармен айналыса жүріп, теориялық тұрғыда алған білімдер негізінде, республикалық деңгейде өткен пәндер олимпиадасына қатысып «Сахналық шеберлік» номинациясы жеңімпазы атандым.

Аманова Аяжан

Сұрағыңыз болса: