Педагогика және психология

Мамандықтың сипаттамасы:
Докторанттардың білім беру бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертация қорғаған тұлғаға – Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (PhD), академиялық дәрежесі тағайындалады.
• докторанттардың таңдаған ғылыми және педагогикалық бағытындағы іс-әрекетте теориялық, тәжірибелік және жекелік дайындығын тереңдетеді;
• теория мен практиканы ұштастыра отырып педагогикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кәсіби қызметке даярлауды қалыптастырады;
• педагогика және психология мамандығы шеңберінде кәсіби білімді және тәжіребиелік дағдыларды қамтамасыз етедi.
• ғылыми зерттеулердін кешенді үдерісін жоспарлау, жасау, іске асыру және түзету іскерлігін меңгереді;
• жаңа және құрделі идеяларды сынай отырып талдау, бағалау және жинақтау іскерлігін жүзеге асырады.
Мамандық аясындағы докторанттардың мүмкіндіктері:
Болашақ докторанттардың, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерін, ғылыми зерттеулердін кешенді үдерісін жоспарлау, жасау, іске асыру және түзету іскерлігін жүзеге асырып, өзінің ұлттық немесе халықаралық жариялануға тұрарлық ерекше зерттеулермен ғылыми саланың шекараларын кеңейтуге үлес қосады.
Докторанттар бітіргеннен кейін:
• психологиялық және педагогикалық диагностиканы іске асыруда және педагогикалық жағдайларды жобалауда құзіретті болуға;
• психолого-педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық танытып, оқыту тәсілдерін таңдауда оңтайлы рационалды әдіс-тәсілдерді пайдалануға;
• зерттеу және кәсіби тәжірибені жинақтауға;
• мінез-құлық рефлексия және іс-әрекет негізінде өзін-өзі дамытуды ұйымдастыру және жүзеге асыруға бейім болуы қажет.
Педагогика және психология (PhD) философия докторлары мына салада қызмет атқара алады:
– ғылыми-зерттеу (әр түрлі білім беру мекемелері)
– білімділік (білім беру аумағындағы педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау)

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6D010300
Академиялық дәрежесі: Педагогика және психология (PhD) докторы
Оқу түрі және мерзімі:
Ғылыми-педагогикалық бағыт: 3 жыл

Педагогика және психология мамандығы бойынша докторантураға оқуға түсіп, университет қабырғасында білім ала жүріп, ғылыми жұмыспен айналыстым, ғылыми әлеуетімді көтеру мақсатында шетелдік ғалымдармен кездесіп, ғылыми біліктілігімді көтеруге мүмкіндік алдым.

Жайлауов Бақтыбай

2014 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты атанып, шетелдік және отандық ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстым. Қазіргі таңда 30 шақты ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік құрал, ұсыныстарым бар.

Таджібаева Жібек

Сұрағыңыз болса: