Педагогика және психология

Мамандықтың сипаттамасы:
Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертация қорғаған тұлғаға «Педагогика және психология» мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі тағайындалады.
• магистранттардың таңдаған ғылыми және педагогикалық бағытындағы іс-әрекетте теориялық, тәжірибелік және жекелік дайындығын тереңдетеді;
• магистранттың когнитивті іс-әрекетінің өзіндік жекелік стилін қалыптастырады;
• магистаранттардың кәсіби, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық, көп мәдениетті және өзін-өзі дамыту құзырлықтарын игереді;
• ғылыми жұмысты докторантурада әрі қарай жалғастыру үшін ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу дағдыларын, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасын меңгереді;
• кәсіби білім жүйесінің келесі басқышында (докторантура) білімді жалғастыруды қамтамасыз ету;
Мамандық аясындағы магистранттардың мүмкіндіктері:
Болашақ мамандардың, еңбекті ғылыми ұйымдастыру және мәдени ойлау дағдыларын меңгеруге, кең іргелі білімді меңгерген, белсенді, өзгермелі еңбек рыногы талаптарына бейімделе білетін, командада жұмыс істей алатын жаңа формация маманын дайындауға жағдай жасау.
Магистранттар бітіргеннен кейін:
• педагог-психолог басқарушылық құзыреттіліктер, сананың мінездік параметрлері мен әрекетіндегі аксиологиялық, дүниетанымдық сапаларының қалыптасқандығын сипаттайтын білім, білік, дағдылар көлемін меңгеруі қажет;
• қазіргі білім саясатының басымдылықтарын, маман тұлғасына қоғам мен мемлекет қойып отырған кәсіби талаптарды, білім беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, біртұтас педагогикалық үдерісті басқарудың негізін;
• кәсіби тілдік мәдениетті білу, білімдік үдеріс субъектілерімен диалог жүргізу, туындайтын педагогикалық жағдаяттарды шешу жағымды психологиялық ахуал орнату, көкейкесті әдістемелік мәселелерді анықтаумен практикалық тұрғыда шеше білу;
• кәсіби, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық, көпмәдениеттілік, зерттеу және өзін-өзі дамыту құзыреттіліктері, дүниетанымдық позиция туралы түсінігі болуы қажет;
• педагогикалық жағдаяттарды психологиялық-педагогикалық диагностика жасауда және жобалауда, оқудың тиімді нысандарын, әдістерін, құралдарын рационалды тұрғыдан таңдауда, кәсіби тәжірибені зерттеу және жинақтауда, қызмет жайлы ой-толғаныс (рефлексия) негізінде жетілдіре білуі қажет.
Педагогика және психология мамандығын бітірген магистранттары мына салада қызмет атқара алады:
-ұйымдастырушылық – басқарушылық (педагогикалық білім жүйесінің менеджері);
-білімдік (білім саласындағы педагог-психолог, педагогикалық мамандарды даярлау және қайта даярлау) ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша
-ғылыми – зерттеушілік ( әртүрлі типтегі білім мекемелеріндегі ғылыми қызметкер)
-білімдік (білім саласындағы педагог-психолог, педагогикалық мамандарды даярлау және қайта даярлау)

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6М010300

Академиялық дәрежесі:
Профильдік бағыт бойынша: Педагогика және психология магистрі
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша: Педагогика ғылымдарының магистрі

Оқу түрі: Күндізгі

Оқу ақысы:
396 000 тг/ 1 оқу жылына

Мен университет қабырғасында білім алумен қатар, ғылыми жұмыстарға белсене қатыстым. Халықаралық және республикалық конференцияларға мақалалар жазып, сертификаттар алдым. Білім алған жылдарымда болашақ мамандығыма қажетті көп мәліметтер алып, өз білімімді жоғары деңгейге көтердім.

Қарабатыр Инабат

Университет қабырғасында оқи жүріп Республикалық және облыстық ғылыми тәжірибелік конференция жұмысына белсене қатысып, тың идеяларды ұсынғаным үшін дипломмен марапатталып, сертификат алдым. Бұл жетістік жалғыз менің ғана емес, кафедраның профессор-оқытушылар құрамының да жетістігі деп есептеймін.

Друсбаева Жазира

Сұрағыңыз болса: