Мұнай-газ ісі

Мамандықтың сипаттамасы:
Мұнай газ ісібүгінде аса танымал және сұраныстағы мамандықтардың қатарына жатады. Мұнай газ ісі мамандығы көмірсутекті табиғи байлықты кенорындарды толық игеру бойынша білім береді.
Мұнайшы –мақтаулы мамандық, мұнайы – ел экономикасының дамуына үлкен ықпал етіп отырған байлығы.
Мұнай газ ісі мамандығы мұнай өндіру саласының мамандарын дайындайтын жалпылама атау. Сондықтан мұнайгаз ұңғымаларын бұрғылаудан бастау алып, кенорындарды игеру және пайдалану, өндірілген көмірсутекті тасымалдау мен сақтау бойынша кешенді және жүйелі жүргізетін бұл ауқымды мамандықты меңгеру болашақ пен мансапқа үлкен жол ашады.
Оқудың артықшылығы:
Мұнай газ ісі мамандығы келесі мамандандыруларды қамтиды:
• «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану»,
• «Құрлықта және теңізде мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау мен жөндеу»).
• Құрлықта және теңізде мұнай газ құбырларын және мұнай газ коймаларын жобалау мен пайдалану
Екі дипломдық бағдарламалар:
Түмен индустриалды университеті- Ресей Федерациясы
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
Мұнай газ ісімамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кәсіптік білімдерін жетілдіру мақсатында «Жас мұнайшы» студенттік үйірме жұмыс жасайды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру бойынша академиялық ұтқырлық, олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және халықаралық симпозиумдарға басқа да ғылыми іс шараларға қатысулары жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып отырады.
«Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша студенттер ҚР ЖОО арасында өткізілетін пәндік олимпиадаларда 2,3 орындарды иеленіп келеді.
Атырау қаласында SPE мұнайшы – инженерлер қоғамының ұйымдастыруымен өткізілетін «Atyrau Student Networking» студенттердің халықаралық симпозиумына қатысып отырады.
Оқудағы жетістіктеріне қарай студенттер «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ҚұрманғазыПетролум» ЖШС, «Тасболат» ЖШС, НКОК компанияларының оқу гранттарын ұтып алады.
Академиялық ұтқырлық бойынша студенттер «Проф д-р Асен Златаров» университетімен келісім шартқа сәйкес Болгария мемлекетінде жарты жылдық мерзімде білім алады
Ш.Есенов атындағы КМТИУ жанында студенттерге жан-жақты қолдау көрсететін мұнай өндірісінің техникалық мамандықтарының халықаралық кәсіби ұйымы -Мұнайшы инженерлер Қоғамы(англ. Society of Petroleum Engineers, SPE) жұмыс жасайды.
«Мұнай-газ ісі» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдық білім алуы мерзімінде экономиканы көтеретін табиғи байлықты, яғни мұнай және газ кенорындарын тиімді өндіру және пайдалану дағдысы мен білімін меңгереді.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• қабатта сұйық пен газды фильтрациялауда болатын физикалық үрдістерді меңгереді;
• теңіздегі гидротехникалық қондырғылар мен платформалардың барлық түрлерін меңгереді;
• мұнай және газ кен орындарын игеру технологиясының жалпы принциптерін меңгереді;
• сұйықты жоғары көтеру теория негіздерін үйренеді;
• бұрғылау қондырғыларын басқаруды, бұрғылау жабдықтарын пайдалануды біледі;
• ұңғыма жұмысты сипаттамасын шешуді және алуды үйренеді;
• ұңғыны бекіту мен меңгеруде, жууда бұрғылау технологиясын біледі;
• құрлықта және теңізде мұнай және газ ұңғыларына арналған құрлыс жабдықтарымен танысады;
• техникалық үрдісті жобалауды,мұнайгазқоймалар және магистральды мұнайгазқұбырларды салуды, оны пайдалануды, қайта жабдықтауды және жөндеуді біледі;
• құбыржелілерін гидравликалық есептеу әдістерін меңгереді;
• мұнай газ қоймалары және магистральды мұнай газ құбырлар профилі мен жоспарын жобалау әдістерін үйренеді;
• құрлысты жоспарлау, машинамен қамтамасыз етуді таңдау, мұнай газ кешені нысандарын салуда оның жұмыс өндірісі мерзімін анықтауды ұйымдастыру әдістерін біледі.
«Мұнай-газ ісі» бакалавры келесі компанияларда қызмет атқара алады:
— ғылыми-зерттеу орталықтары
— ғылыми-зерттеу және жобалау институттары
— ғылыми-өндірістік орталықтар
— отандық және шетелдік ірі мұнай және газ өндіру компаниялары
— құрлықта және теңізде мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау компаниялары
— мұнай-газ тасымалдау және сақтау компаниялары
— мемлекеттік мекемелер
— саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5В070800
Академиялық дәрежесі:
Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша техника және технология бакалавры
Таңдау пәні: Физика
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
346 600 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Физика
Профильдік пәні:
Химия
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Жоғарғы оқу орындары арасында мамандық бойынша студенттердің олимпиадалары өткізіліп тұрады. Жетекші оқытушылардың даярлауымен және үздіксіз дайындығыммен Республикалық мамандық бойынша пәндік олимпиададан жүлделі орын алып, Білім және Ғылым министрлігі дипломымен марапатталдым

Шотаева Эльвира

Университетте студенттердің шығармашылықтарын жетілдіру және байқау бойынша желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа арнау ретінде "Тұңғыш Президент және менің Отаным" атты шығарма жазу байқауына қатысып, екінші орынды иелендім

Ермек Аманмырзаев

Сұрағыңыз болса: