Менеджмент

Мамандықтың сипаттамасы:
«Менеджмент» мамандығы бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. Менеджмент мамандығы кез келген саладағы компанияларды және ұйымдарды басқару бойынша білім береді.
Менеджер – бұл басқалардың жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға қабілетті маман. Бірақ оның қолданылу саласы және білімі әртүрлі болуы мүмкін: қаржы, туризм, спорт, көлік, өнер және тағы басқалар. Өндірісті ұйымдастыру, қаржылық жоспарлау саласындағы ілгерілі білім, психологиялық басқару аспектілері, компанияларды дамыту бойынша мәселелерді кешенді және кезекті шеше білу жемісті мансапқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Менеджмент» мамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Табысты менеджер» студенттік үйірме жұмыс жасайды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңіпаз студенттердің санын арттыруына әкелді. «Менеджмент» мамандығының студенттері Қазақстан Республикасы ЖОО-ның арасында жыл сайынғы өткізетін республикалық пәндік олимпиадаларының шешуші турларынан өтіп, жүлделі орындарды иеленуде.
«Менеджмент» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдың ішінде ең бастысы – әр дүниеге байыппен және тиімді тұрғыдан қарай білуді, оның ақиқатын түсіну, бизнестегі әрбір сөздің қадірін ұғынуды үйренеді.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• тиімді қарым қатынас жасай білу негіздерін, стратегиялық басқару технологиясын, жобаларды басқару, қызметкерлерді басқару, қаржылық және инвестициялық менеджмент, болжам жасай біледі;
• басқару жүйесін ұйымдастыру, тиімді басқара біледі;
• топтық жұмыстарды ұйымдастырады және адамдар мен ресурстарды басқара біледі;
• басқару жұмысына байланысты шешімдер қабылдай біледі;
• басқарудың мақсаты мен міндеттерін оның тиімділігін анықтай біледі, компанияны дамытудың негізгі бағыттарын жоспарлай біледі;
• бизнес-жоспарлар жасайды және оны бақылап, жүзеге асыра біледі;
• тұтынушылармен келіссөздер жасай біледі.
Менеджерлер келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– мұнайгазөндіру компаниялары
– коммерциялық банктер
– сақтандыру ұйымдар
– әуежайкомпаниялары
– мемлекеттік мекемелер
– корпорациялар
– акционерлік қоғамдар
– жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
– саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5B050700
Академиялық дәрежесі:
Экономика және бизнес бакалавры
Таңдау пәні: География
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
350 000 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Экономика негіздері
Профильдік пәні:
Менеджмент
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Университетте алған білімдер негізінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналасып, инновациялық және әлеуметтік жоба ұсынып, «Жыл студенті» облыстық сайысында, «Үздік инновациялық жоба» номинациясы жеңімпазы атандым.


Айдана Орысбай

Туған өлкемнің экологиялық ахуалын жақсарту жолында, университет қабырғасында оқып жүріп, «Қалдықсыз өндіріс – экологиялық мәселелерді шешу» тақырыбындағы жобаны дайындау, Республикалық деңгейде өткен олимпиадада жүлделі орынды алуыма және жетістіктерге жетуіме жол ашты.

Дәмелі Көшкімбаева

Сұрағыңыз болса: