Машина жасау

Мамандықтың сипаттамасы:

Машина жасау мамандығы дамыған елдерде айрықша орынға ие. Жалпы машина жасау мамандығы шаруашылықтың барлық саласына қажетті құрал-жабдықтар жасау мен күнделікті тұрмыста қолданылатын машина өнімдерін шығару, бірнеше данадан ғана шығарылатын күрделі, қымбат жабдықтан бастап, саны миллиондап есептелетін жаппай өнімдерге дейін өндіру түрлері туралы және т.б. білім береді.

«Машина жасау» мамандығы бойынша университет болашақ мамандарды машина жасау саласында жұмыс істеуге дайындайды және экономиканың барлық салалары үшін қажетті құрал-жабдықтар жасау үшін күшті теориялық және тәжірибелік базаны ұсынады, күнделікті тұтыну тауарларын өндіреді, күрделі қымбат жабдықтар мен машина жасаудың басқа салаларының бірнеше үлгілерін өндіру.

Қазіргі кезде Қазақстанда машина жасау экономикалық қызметтің мынадай түрлерін қамтиды: машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдарын өндіру; компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдерді өндіру; электр жабдықтарын өндіру; басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтарды өндіру; автокөліктерді, тіркемелерді және жартылай тіркемелерді өндіру; басқа көлік құралдарын өндіру; машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату.

 

Оқудың артықшылығы:

Машина жасау мамандығының оқу бағдарламасы университетте бір бағыт бойынша жүргізіледі: Машина жасау, металл кескіш станоктар мен саймандар.

 

Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:

«Машина жасау» мамандығы бойынша студенттердің зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Машина жасаушылар» студенттік клубы жұмыс істейді.

Студенттер зерттеу жұмыстарын жетілдіру үшін конкурстарға, конференцияларға және басқа да ғылыми іс-шараларға қатыса алады. «Машина жасау» мамандығының студенттері жыл сайынғы республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

Академиялық ұтқырлық бойынша студенттер «Профессор доктор Асен Златаров» университетімен келісім шартқа сәйкес Болгарияда жарты жыл оқу мүмкіндігіне ие.

Оқудағы жетістіктеріне қарай студенттер «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Құрманғазы Петролум» ЖШС, «Тасболатойл» ЖШС т.б. компанияларының оқу гранттарын ұтып алып, білімдерін ұштай түсуде.

 

«Машина жасау» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:

Студенттер төрт жылдың ішінде ең бастысы – қазіргі машина жасау саласындағы орны мен рөлін талдауды игереді; ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгереді; жаңа ақпараттық құралдар мен олардың қолданылуын меңгереді.

Студенттер бітіргеннен кейін:

Барлық белсенді өмірлік қызметінде өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетіне ие болу, жаңа білімді өз бетінше шығармашылық меңгеру қажеттілігі мен дағдысы; қазіргі кезеңдегі заманауи ғылыми және тәжірибелік тапсырмаларды тұжырымдай білуге және іс жүзінде шешуге, зерттеу және басқарушылық қызметті жүргізуге, ғылым мен техниканың тиісті саласына құзырлы болуы керек.

 

Машина жасау мамандары келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– машина жасау зауыттары;

– мұнай-газ өнеркәсіп кәсіпорындары;

– ғылыми-зерттеу және жобалау институттары;
– отандық және шетелдік ірі мұнай және газ компаниялары;
– ғылыми зерттеу институттары;
– ғылыми-өндірістік орталықтар:
– құрлықта және теңізде мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау компаниялары;
– мұнай-газ тасымалдау және сақтау компаниялары;
– мемлекеттік мекемелер және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5В071200
Берілетін дәреже: Машина жасау технологиясы және инженерлік ғылымдар бакалавры
Таңдау пәні: Физика
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы: оқу жылына 346 600 теңге

Орта кәсіптік білімнің негізінде

(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні: Физика
Профильдік пәні: Машина жасау негіздері

Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы: оқу жылына 292 000 теңге

Білім ордасында оқып жүріп, түрлі шараларға «Жас көшбасшы», «Әлеуметтік мәселелерді шешуде жастардың қатысуы» атты семинарларға, «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингке және «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» тақырыбы бойынша оқу курстарынан өтіп жетістіктерге жетуіме септігін тигізді

Ли Валерия

Университет қабырғасында оқып жүре, көптеген іс-шаралар мен тренингтерге, жобаларға, «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген «Халықаралық жастар форумына», мамандығым бойынша өткізілген пəндік олимпиадаға қатысып жетістіктерге жетуіме жол ашты

Укиев Рахат

Сұрағыңыз болса: