Математика

Мамандықтың сипаттамасы:
«Математика» мамандығы білікті мамандар даярлауда бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. Математик мамандарды даярлауға қойылып отырған үлкен талаптар педагогикалық кадрларға деген жауапкершіліктің өсуіне байланысты туындап отыр. Қазіргі заман математигінің бойында бәсекеге лайықтылық, жан-жақтылық, ойлау қабілетінің жоғарылығы, терең білім, кез келген мәселені шығармашылықпен шеше білу, өзін-өзі дамыта алатын, жауапкершілік қасиеттері болуы тиіс.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Математика» мамандығында білім алатын студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстары, республикалық, облыстық, қалалық шараларға қатысуда белсенділік танытып келеді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі — студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңімпаз студенттердің санын арттыруына әкелді. «Математика» мамандығының студенттері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық пәндік олимпиадасынан және ғылыми-зерттеу жұмыстар байқауында жүлделі орындарды иеленді.
«Математика» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
«Математика» мамандығын игеру барысында математика ғылымының теориялық негіздері, ғылыми педагогикалық зерттеулердің логикасы мен әдіснамасы, кәсіптік оқыту жағдайында математиканы оқытудың теориясы мен әдістері, заманауи педагогикалық технологиялар туралы білім алады. Ақпараттық технологияларды қолдана білуді, педагогикалық тәжірибеде шығармашылық ойлаудың әдістері мен тәсілдерін, әртүрлі құбылыстар мен фактілерді суреттеу үшін олардың математикалық моделін құруды үйренеді. Қолданбалы есептерді шешудің дағдыларын, олардың тиімділігін талдай білуді, орта және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде сабақ жүргізуді, өз мамандығы аясында инновациялық істер жүргізуді меңгереді.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• математиканың ең қарапайым мәселесін зерттеудің аппараты мен әдісін дұрыс таңдай біледі;
• математикалық ғылымның дамуының тарихи тәжірибесін, математикалық білімнің реформаларын, математиканың дамуының, педагогикалық үдерістің негізгі фактілері мен заңдылықтарын біледі;
• математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін, ақиқатты танудың ғылыми әдістерін, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды біледі;
• жеке тұлғаның ұлттық білім беру жүйесінің дамуының өзекті мәселелеріне жауап беретін математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы бойынша және жаңашыл педагогикалық технологиялар бойынша тәжірибелік және теориялық іс-әрекеттерінің арнайы терең эмпирикалық және теориялық білім, білік, дағдыны қамтамасыз ететін қасиеттерін қалыптастырады;
• кәсіби іс-әрекетте теориялық білім, білік, дағдыны тәжірибе жүзінде қолдана білу және өзінің әрі қарай кәсіби өсуін іске асыруға қабілетті болады.
Математика пәнінің мұғалімі төмендегідей мекеме, ұйымдарда қызмет атқара алады:
– орта және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде мұғалім, әдіскер, оқу, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысы меңгерушісі, т.с.с.
– мемлекеттік мекемелерде (әкімшілік, жастар ісі жөніндегі комитеттерде, қалалық және аудандық оқу бөлімдерінде) әртүрлі деңгейдегі маман
– ғылыми-зерттеу орталықтарында
– өз жұмысында математикалық әдістерді қолданатын әр түрлі жеке меншік ұйымдарда.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5B010900
Академиялық дәрежесі: Математика мамандығы бойынша білім бакалавры
Таңдау пәні: Математика
Профильдік пәні: Физика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
443 300 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Педагогика және психология негіздері
Профильдік пәні:
Математика
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Университет қабырғасында алған білімімнің нәтижесі маған Республикалық жоғарғы оқу орыны студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында ІІ орынды иеленуіме мүмкіндік берді

Құлболдин Данияр

Университетте екі жыл қатарынан Республикалық пәндік олимпиаданың жеке сайысында екінші орын алып, жетістіктерге жеттім. Білім ордасына алғысым шексіз

Нұржігіт Нұрболат

Сұрағыңыз болса: