Мұнай-газ ісі

Мамандықтың сипаттамасы:
Мұнай-газ ісі мамандығы докторантурасы мұнайгаз ұңғымаларын бұрғылаудан бастау алып, кенорындарды игеру және пайдалану, өндірілген көмірсутекті тасымалдау мен сақтау бойынша кешенді және жүйелі жүргізетін бұл ауқымды мамандықты меңгеру болашақ пен мансапқа үлкен жол ашады.
Оқудың артықшылығы:
Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша философия PhD докторы ғылыми, ғылыми-педагогикалық орындарда, өндірісте және жоғарғы оқу орындарында қызмет бабын, мансабын жоғарлатуға мүмкіндік алады.
Мамандық аясындағы докторанттар мүмкіндіктері:
Мұнай газ ісі мамандығы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кәсіптік білімдерін жетілдіру мақсатында «Жас мұнайшы» үйірмесі жұмыс жасайды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру бойынша шет елге ғылыми тағылымдамаға, академиялық ұтқырлық, конкурстарға, конференцияларға және халықаралық симпозиумдарға басқа да ғылыми іс шараларға қатысулары жоғарғы деңгейде және жоспарлы ұйымдастырылып отырады.
Ш.Есенов атындағы КМТИУ жанында докторанттарға жан-жақты қолдау көрсететін мұнай өндірісінің техникалық мамандықтарының халықаралық кәсіби ұйымы – Мұнайшы инженерлер Қоғамы (англ. Society of Petroleum Engineers, SPE) жұмыс жасайды.
Докторанттар университет кеңес құрамына мүше болып, университет және факультет қызметіне тығыз араласып отырады.
Докторантураға ҚР БҒМ оқу гранты бөлінеді.
Ғылыми-зерттеу, экспериментті-зерттеу тәжірибелерінен және шет елде ғылыми тағылымдамалардан өтеді.
«Мұнай-газ ісі» мамандығын бітірген докторанттардың қабілеттері:
Жоғарғы оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми-педагогикалық маман.
Мемлекет ішінде және халықаралық еңбек нарығында ғылыми бәсекеге қабілетті.
Заманауи интерактивті әдістер мен оқыту технологияларын оқу үрдісінде қолдана біледі.
Отандық және халықаралық ғылыми баспаларды жоғары импакт-фактор көрсеткішімен ғылыми мақалалар жариялайды.
Докторанттар бітіргеннен кейін:
• Қабатта мұнай және газ қозғалысының физикалық үрдісінің адекватты математикалық моделін құруды біледі;
• Гидродинамикалық және геофизикалық зерттеулер қорытындысы бойынша қабаттың негізгі параметрлерін есептей біледі;
• Қабаттың мұнайбергіштігін көтеру әдістерін таңдай және бағалауды меңгереді;
• Қабаттың мұнайбергіштіктігін көтерудің тиімді әдістерін және нанотехнологияларды игереді;
• Мұнайбергіштікті көтеру әдістерінің негізгі технологиялық шамаларын есептей біледі;
• Гидродинамикалық зерттеулер бойынша ұңғы түбі маңының шамаларын есептеуді меңгереді;
• Компьютерлік технологияларды пайдалана отырып заманауй өңдеу әдістерін сараптау және берілістерді интерпретациялау;
• Кенорындарды тиімді игеруді біледі.
«Мұнай-газ ісі» докторлары келесі компанияларда қызмет атқара алады:
— ғылыми-зерттеу орталықтары
— ғылыми-зерттеу және жобалау институттары
— жоғары оқу орындары— ғылыми-өндірістік орталықтар
— отандық және шетелдік ірі мұнай және газ өндіру компаниялары
— мемлекеттік мекемелер
— саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6D070800
Академиялық дәрежесі: Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша философия (РhD) докторы
Оқу түрі және мерзімі:
Ғылыми-педагогикалық бағыт: 3 жыл

Мұнайгаз ісі мамандығы менің таңдауым. Осы университетте окып жүріп бірнеше рет Отандық және алыс-жақын шет елде біліктілігімді көтеру тағылымдамалардан өттім. Сәйкесінше сертификаттарым бар. Уфа, Новосибирск қалаларында конференцияларға қатысып, ғылыми бағыттарым бойынша тәжірибемді жетілдірдім

Кулиев Мурад

Университеттегі ғылыми жұмыстарымды дамыту бойынша «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниялар тобында жыл сайын өткізетін V жас мамандар аясында «Геология және кенорындарын игеру» секциясындағы ҮЗДІК ЖОБА АВТОРЫ марапатына ие болдым

Исламбердиев Жарас

Сұрағыңыз болса: