Мұнай-газ ісі

Мамандықтың сипаттамасы:
Мұнай газ ісі бүгінде аса танымал және сұраныстағы мамандықтардың қатарына жатады. Мұнай газ ісі мамандығы көмірсутекті табиғи байлықты кенорындарды толық игеру бойынша білім береді.
Мұнайшы –мақтаулы мамандық, мұнайы – ел экономикасының дамуына үлкен ықпал етіп отырған байлығы.
Мұнай газ ісі мамандығы мұнай өндіру саласының мамандарын дайындайтын жалпылама атау. Сондықтан мұнайгаз ұңғымаларын бұрғылаудан бастау алып, кенорындарды игеру және пайдалану, өндірілген көмірсутекті тасымалдау мен сақтау бойынша кешенді және жүйелі жүргізетін бұл ауқымды мамандықты меңгеру болашақ пен мансапқа үлкен жол ашады.
Оқудың артықшылығы:
Мұнай газ ісі мамандығының магистрі, яғни ғылыми-педагогикалық бағыт-техника ғылымдарының магистрі, бейіндік бағыт-техника және технология магистрі дәрежесін иеленеді.
Мұнай газ ісі докторантурасына түсуге мүмкіншілік алады.
Ғылыми-зерттеу, эксперименттік-ғылыми тәжірибелерден және шет елде ғылыми тағылымдамалардан өтеді.
Екі дипломдық бағдарламалар:
• Түмен индустриалды университеті- Ресей Федерациясы
Мамандық аясындағы магистранттар мүмкіндіктері:
Мұнай газ ісі мамандығы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кәсіптік білімдерін жетілдіру мақсатында «Жас мұнайшы» үйірмесі жұмыс жасайды.
Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру бойынша академиялық ұтқырлық, олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және халықаралық симпозиумдарға басқа да ғылыми іс шараларға қатысулары жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып отырады.
Мұнай-газ ісі мамандығы магистранты Исламбердиев Ж.А. «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ компаниялар тобында жыл сайын өткізетін Vжас мамандар аясында «Эффективный метод борьбы с кольматацией – очистка интервала перфораций» тақырыбында өз жобасын ұсынып, «Геология және кенорындарын игеру» секциясындағы ҮЗДІК ЖОБА АВТОРЫ марапатына ие болды.
Магистранттардың ғылыми тағыламдамасы үшін Уфа мемлекеттік мұнайгаз университетімен, Түмен индустриалды университетімен, Астрахань мемлекеттік техникалық университетімен, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетімен, Қытай мұнай техникалық университетімен, Баку мұнай академиясымен байланыс орнатылған.
Оқудағы жетістіктеріне қарай магистранттар «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ҚұрманғазыПетролум» ЖШС, «Тасболатойл» ЖШС, «Карачаганак» ЖШС, «Коммунай» ЖШС, НКОК және т.б. компанияларының оқу гранттарын ұтып алды.
Ш.Есенов атындағы КМТИУ жанында магистранттарға жан-жақты қолдау көрсететін мұнай өндірісінің техникалық мамандықтарының халықаралық кәсіби ұйымы – Мұнайшы инженерлер Қоғамы (англ. Society of Petroleum Engineers, SPE) жұмыс жасайды.
Магистранттар факультет кеңес құрамына мүше болып, факультеттегі үрдістерге тығыз араласып отырады.
«Мұнай-газ ісі» мамандығын бітірген магистранттардың қабілеттері:
Білім алуы мерзімінде мұнай және газ кенорындарын тиімді өндіру және пайдалану дағдысы мен білімін терең меңгереді.
Магистранттар мамандықты бітіргеннен кейін:
• Мұнай және газ кенорындарының қазіргі ахуалдарының алдын алу және жою технологияларын үйренеді;
• Игеруді жобалау бағдарламаларын біледі;
• Қиын өндірілетін қорларды толық алу технологияларын меңгереді;
• Қабаттың мұнайбергіштігін көтеру техникасы мен технологиясын біледі;
• Мұнай өндірудегі шиеленістерді шешу жолдарын меңгереді;
• қабатта сұйық пен газды фильтрациялауда болатын физикалық үрдістерді біледі;
• мұнай және газ кен орындарын игеру технологиясының жалпы принциптерін меңгереді;
• Техникалық пәндерді оқыту әдістемесін меңгереді;
• Ғылыми тұжырымдамалар жасауды үйренеді;
• Ғылыми тағылымдамадан өтеді;
• Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды меңгереді.
«Мұнай-газ ісі» магистрлары келесі компанияларда қызмет атқара алады:
— ғылыми-зерттеу орталықтары
— ғылыми-зерттеу және жобалау институттары
— жоғары оқу орындары
— ғылыми-өндірістік орталықтар
— отандық және шетелдік ірі мұнай және газ өндіру компаниялары
— мемлекеттік мекемелер
— саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6М070800
Академиялық дәрежесі:
Профильдік бағыт бойынша: Техника және технология магистрі
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша: Техника ғылымдарының магистрі

Оқу түрі: Күндізгі

Оқу ақысы:

396 000 теңге / 1 оқу жылына

Осы университетте оқып жүріп, академиялық ұтқырлықпен Болгария мемлекетінде (Асен Златаров университеті, Бургас қаласы) жарты жыл білім алдым. Мамандық бойынша олимпиадаларға және жобаларға қатысып, жүлделі орындар алдым. ҚР БжҒМ ғылыми жобаларына, «Enactus КАЗАХСТАН-2014» бизнес-конкурсы байқауларына қатысып, ғылымға деген қызығушылқтарым мен алғашқы қадамдарымды қалыптастырдым.

Бисембаева Айгерим

Мамандық бойынша теориялық дайындықпен бірге ғылыми жұмыстар мен жобаларға қатысу үлкен жетістік болып саналады. ҚР инвестициялар және даму Министрлігі мен «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ ұйымдастырған Ұлттық инновациялар конкурсында «Студенттер арасындағы ең үздік инновациялық жоба» номинациясының алғыс хатымен марапатталдым

Сүгіров Абай Бердіғалиұлы

Сұрағыңыз болса: