Кеме жүргізу

Мамандықтың сипаттамасы:
Кеме жүргізу мамандығының білім беру бағдарламасы кемежүргізу саласында білімді, білікті мамандарды терең теориялық және практикалық даярлауға бағытталған және 2 бағытта іске асырылады: профильдік және ғылыми педагогикалық
Кәсіби бағыт бойынша кемежүргізу мамандығын бітірген түлектер теңіз порттарында және кез келген кеме жүргізу саладағы компанияларда және ұйымдарында қызмет ете алады. Кеме жүргізу, кеменің энергетикалық қондырғыларын пайдалану, региональдық және мемлекттік теңіз және өзен порттарында басқару органдарында қызмет ете алады.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша бітірген түлектер Транспорт және коммуникациялар саласы бойынша мемлекеттік басқару органдарында, жоғары және орта арнайы білім беруші оку орындарында, ғылыми-жобалау институттарында, Транспорттық бюролар, фирмалар және әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес транспорттық мекемелерде жұмыс жасай алады.
Білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде жасалған.
Кемежүргізу мамандығының білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оны теңіз көлігі саласында кадрларды дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуының көрінісі, миссиясы мен стратегиялық жоспарына сәйкес жетілдіру, логистика және адами ресурстарды басқару, еңбек нарығы сұрауларына бағытталған жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті басқару үшін ақпараттық технологияларды қалыптастыру.
Мамандық аясындағы магистранттардың мүмкіндіктері:
Кемежүргізу мамандығы аясында магистранттар екі дипломды білім алу бағдарламалары бойынша басқа шет елдердегі теңіз университеттерінде оқып екі диплом алуына мүмкідіктері болады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңімпаз студенттердің санын арттыруына әкелді.
Кеме жүргізу мамандығын бітірген магистранттардың қабілеттері:
Магистранттар ең бастысы кемежүргізу мамандығы бойынша Халықаралық деңгейде толық білім алады. Кемежүргізу мамандығы маманы дипломын алумен бірге Халықаралық Қонвенциялық курстардан өтіп қосымша теңіз мамандарына қәжетті теңізде кемелерде жұмыс жасау үшін қәжетті сертификаттарын диломымен қоса алады.
1. теңізде жүзу кәуіпсіздігін сақтау үшін электрондық картографиялық информациялар жүйелерін толық меңгереді;
2. кемені басқару мостігіндегі ресурстарды меңгереді;
3. өзінің лидерлік және экипажды басқарушы функциясын дамытады;
4. әртүрлі төтенше жағдайларда кемедегі экипажды, кемені және кемедегі жүкті сақтау ұшін өз үлесін қосады;
5. ғылыми зерттеулер: теңіз және жерүсті техникалары мен технологиялары, кеме электр станциялары мен жабдықтар саласындағы перспективті бағыттарды дамыту;
6. кеменің энергетикалық қондырғыларын және оларды модельдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолданумен жұмыс режимдерін зерттеу;
7. ұйымдастыру – басқару: бөлімшелер мен кәсіпорындардың қызметін ұйымдастыру: пайдалану және жобалау міндеттерін орындау, кеме-энергетикалық қондырғылар мен жабдықтарды пайдалану, пайдалану міндеттеріне техникалық дайындықты қамтамасыз ету және навигацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар жобалау мен зерттеушілер институттарында және конструкторлық бюроларда, ғылыми-зерттеу институттары мен бөлімшелерде жұмыс істей алады.
Кеме жүргізу бойынша магистр келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– «Халықаралық Актау теңіз сауда порты» АҚ ҰК
– Құрық, Баутина және кез келген теңіз порттарында
Caspian Offshore Construction
– АҚ «НМСК «Казмортрансфлот»
– ЖШС «КАСПИАН ОФШОР КОНСТРАКШН»
– ЖШС «OMS SHIPPING»
– LTD Вагенборг Казахстан
– BUE KAZAKHSTAN
– ЖШС «Kazakhstan Caspian Offshore Industries»
– жобалау – конструкторлық
– конструкторлық-технологиялық
– ұйымдастыру-басқарушылық
– ғылыми-зерттеу
– өндірістік-технологиялық
– жоғары және арнайы теңіз мамандарын дайындайтын оқу орындарында
– техникалық-пайдалану мекемелерінде және т.б.

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6М074200
Академиялық дәрежесі:
Профильдік бағыт бойынша: Техника және технология магистрі
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша: Техника және технология ғылымдарының магистрі

Оқу түрі: Күндізгі

Оқу ақысы:

396 000 тг/ 1 оқу жылына

Мен Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінде , 6M074200 – Кемежүргізу мамандығының магистратурасында оқимын. Оқыған жылдары теңіз мамандығына байланысты әртүрлі ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстым. Теңіз техникасы және технологиялар мамандығының магистрлік дәрежесін алғаннан кейін, АҚ НМСК «КАЗМОРТРАНСФЛОТ» компаниясында жұмыс жасауға мүмкіндігім бар.

Әндірова Әсемхан

Мен Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінде , 6М074200-Кемежүргізу мамандығының магистратурасын бітірдім. Оқыған жылдары студентердің Республикалық ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша конкурсқа қатысып Білім және ғылым міністрлігі тарабынан 2-дәрежелі дипломымен марапатталдым. Кәзіргі кезде Манғыстау облысы бойынша жастарды жұмыспен қамту орталығында директордың орынбасары қызметін атқарушысы болып жұмыс жасаймын.

Сабытаев Жандос

Сұрағыңыз болса: