Қазақ тілі мен әдебиеті

Мамандықтың сипаттамасы:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы қазақ тілі мен әдебиетінен білікті мамандар даярлауда бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. Қазақ тілі мен әдебиетінен бәсекеге лайықты, жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, терең білімді, іскерлік дағдысы қалыптасқан мамандар даярлауда ғылыми әлеуеті өте жоғары кафедра ұжымы еселі еңбек етіп келеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі– ол халыққа білім беру мен ғылыми педагогикалық салалары үшін қазіргі заманғы білімдер мен кәсіби дағдылардың айтарлықтай көлеміне ие жоғары білікті маман. Сонымен қоса оның қолданылу саласы және білімі әртүрлі болуы мүмкін: білім беру, ғылыми-зерттеу, әдеби-шығармашылық, ұйымдастыру-басқару, әдеби кеңесші, өндірістік-басқарушылық тағы басқалар. Білім беру, ұйымдастыру, басқару, әлеуметтік – педагогикалық, оқу – тәрбиелік, оқу – технологиялық салалардағы мәселелерді шешуге қабілетті маманның белгілі бір мансапқа қол жеткізуіне жағдай жасайды.
Мамандықтың ерекшелігі:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры кәсіби қызметі аясына нарық талабы есебімен, бастауыш, негізгі және бейінді мектептер, орта техникалық және кәсіптік ұйымдар жатады.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында білім алатын студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстары, республикалық, облыстық, қалалық шараларға да белсенділік танытып келеді. Жыл сайын студенттер арасында өтетін университетішілік, қалалық, облыстық, республикалық «Әбіш Кекілбаев», «Мұқағали Мақатаев», «Оралхан Бөкеев» оқуларында алдыңғы қатарлы жүлделі орындардың иегері атанады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы аясында студенттердің танымдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Тағылым» атты тіл-әдебиет клубы жұмыс істейді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңіпаз студенттердің санын арттыруына әкелді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» студенттері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық пәндік олимпиадасынан жүлделі орындарды иеленді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдың ішінде ең бастысы – қазақ тілі мен әдебиеті саласында толыққанды және сапалы кәсіптік білім алып, педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру және басқаруға, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруге және кәсіби салада қолдануға қабілетті болады. Дербес креативті қызметке және филология саласындағы жаңа ғылыми жетістіктерді игере алады.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• Білім беру үдерісін жоспарлай және жүзеге асыра алады;
• Ұжымда ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнын, түрлерін, заңдылықтарын, принциптерін, технологияларын біледі және жүргізе алады;
• кәсіптік қызметін меңгеру барысында жаңа технологияларды пайдаланып білім нәтижелерін қалыптастыруға, оқу-тәрбие үдерісін модельдей алуға және оқыту тәжірибесінде оны жүзеге асыра алады;
• қазақ тілі мен әдебиетінің тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын зерделейді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі төмендегідей мекеме, ұйымдарда қызмет атқара алады:
– білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, мекемелер мен ұйымдар
– ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер)
– әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында)
– ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде)
– өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде)
– әдеби кеңесші және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандың шифры: 5В011700
Академиялық дәрежесі: Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры
Таңдау пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
Профильдік пәні: Тарих
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
443 300 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Педагогика және психология негіздері
Профильдік пәні:
Қазақ тілі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Университеттік студенттік парламент ұйымының, «Керуен» би ансамлінің мүшесі ретінде қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып, оқуда да жақсы жетістіктерден көрінудемін. Ана тіліміз бен туған әдебиетімізге деген сүйіспеншілік мені университетішілік, қалалық, облыстық сайыстарға белсенді түрде қатысуыма жетелеп келеді. Дәстүрлі түрде өтіп отыратын қалалық «Әбіш оқулары» (1-орын) дипломдарымен, облыстық кезеңінде «Алғыс хатпен» марапатталып, қалалық «Фариза оқулары» сайыстарының жеңімпазы атандым

Жамиғатова Гүлдана

Студенттік парламент ұйымдарының мүшесі ретінде университетте өтіп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысып келемін. Жастардың студенттік қозғалысын дамыту мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып отыратын «Студенттік көктемі» жобасы аясындағы әртүрлі шараларға, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мақсатында өткізілген барлық шараларға қызыға қатысып отырамын

Амандық Айжұлдыз

Сұрағыңыз болса: