Кадастр

Бағдарлама сипаттамасы

Мамандықтың міндеті5В050907 – «Кадастр»

5В050907 – Кадастр мамандығы бойынша оқу бітірген түлекке қызмет көрсету бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Кадастрдың бакалавры ҚР жер ресурстарын басқару Агенттігінің кәсіпорындарында, мекемелерінде және оның облыстық, аудандық кадастрлық бөлімдерінде, жергілікті атқару әкімшіліктерде мынадай қызметтерді істей алады: кадастршы, жерге орналастырушы, геодезист, картограф, инспектор.

Кәсіби қызметінің обьектілері.

– Республика жер қорының барлық жер санаттары;

– қалалардың, поселкілердің және ауылдық елді мекендердің шекарасын-

да орналасқан жер учаскелері бола алады.

Түлектердің кәсіби қызмет көрсету саласы:

– ұйымдастыру және басқару;

– өндірістік-технологиялық;

– жобалық;

– ғылыми -зерттеу;

– білім беру (педагогикалық).

Кадастр мамандығы бойынша түлектерді дайындаудың кәсіптік жалпы міндетті бағдарламасының негізгі міндеті:

– Жерге орналастыру және кадастрының іргелі пәндері бойынша бағалы базалық білімді алу;

-Мамандық бойынша сапалы кәсіптік білім алу;

– Адамға, қоғамға, қоршаған ортаға, ойлау мәдениетіне қарағанда реттейтін гуманитарлық мәдениетті, этикалық, құқықтық нормаларды игеру;

-Оқытудың жеке бағдарламаларына студенттердің таңдауы;

– Жоғары кәсіптік білім берудің келесі сатысында оқуды жалғастыру.

Білім берудің негізгі жалпыұлттық мақсаты:

экономикасының, өндірісінің және ауыл шаруашылығының дамуы үшін жоғары класстық мамандарды дайындау. Кадастр мамандығының бакалаврларын дайындау кәсіптік білім беру бағдарламаларының негізгі міндеттері келесі жағдайларды қамтамасыз ету керек:

– жерге орналастыру және жер кадастры саласында жоғары деңгейдегі кәсіптік білім алу;

– адамдарға, қоғамға және қоршаған ортаға қатынастарын реттейтін гуманитарлық мәдениеттілікті, этикалық және құқықтық нормаларды игеру, өз еңбегін ұйымдастыруды және білім алуды ғылыми негізде ұйымдастыруды білу;

Кәсіптік құзыретке қойылатын талаптар.

Кадастр бакалавры білуге тиісті:

– техникалық, қаржылық және басқару принциптерінің білімдеріне ие болу;

– әр түрлі жүйелерінің параметрлерінің тиімді байланысын анықтауға арналған мәселелерді шешудің әдістерін қолдана білу;

– өндірісте ұйымдастырушы-басқармашылық, жобалық-ізденіс қызметіне қабілетті болу, құбылыстарды болжауды және оларды талдауды іске асыра білу;

– жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыру мәселелерінде геодезиялық, жерге орналастырушылық және кадастрлық жұмыстарды орындауды жетік білу;

– табиғи және антропогендік факторлардың топыраққа және қоршаған ортаға әсерін қадағалау;

– геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды жүргізуде қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселелеріне құзіретті болу.

Жалпы білім пәндері

Міндетті пәндер

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Философия
  • Шет тілі
  • Қазақ (орыс) тілі
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілі)

Базалық пәндер

  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
  • Кәсіби бағытталған шет тілі
  • Геодезия
  • Жер кадастры
  • Топырақтану
  • Фотограмметрия және қашықтықтан зондтау
  • Жер ресурстарын басқару
  • Жер пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау

Кәсіптендеру пәндері

  • Жерлерді кадастрлық бағалау және аймақтау

Жерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу.

«Кадастр» қызмет атқара алады:

  1. «Мунайгазқұрылыс» ЖШС;
  2. «Вest Inginering-proekt-aktau» ЖШС;
  3. «МО қалақұрылыс және сәулет басқармасы» ММ;
  4. «Мангистаумунайгаз» АҚ;
  5. «КазНИПИмунайгаз» АҚ;
  6. «Жер қатынастары басқармасы» Мемлекеттік басқармасы;
  7. «Deluxe design» ЖШС.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандығы: Кадастр

Мамандық шифры:  5В090700

Берілетін дәреже: қызмет көрсету бакалавры

Факультеті:   Көлік және құрылыс

Оқу түрлері:  Күндізгі

Таңдау пәні:  биология/география

Өту балы: 50-140

Оқу ақысы:  342 900 тг

Оқу түрі және мерзімі:
– күндізгі (4 жыл)

Университет қабырғасында 2016 жылы Жезқазған қаласының Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде "Жерді тиімді пайдалану - уақыт талабы" өткен студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатыстым

Шаудирбаева Назкен

Университетте алған білімдер негізінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналасып, пәндік олимпиада және кафедрадағы өткен конференцияларға қатысып жүлделі орынға ие болдым

Гасанова Айшен

Сұрағыңыз болса: