Көлік, көлік техникасы және технологиялары

Мамандықтың сипаттамасы:
Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығының білім беру бағдарламасы екі бағытта іске асырылады: «Автотрактор және ауыл шаруашылық көлігі» және «Автомобильдер мен автомобиль шаруашылығы». Білім беру бағдарламасы жұмысберушілер ұсыныстары негізінде жасалған.
Бағдарламаның соңғы мақсаты – болашақта жұмысберушілердің талаптарын қанағатандыратын жеке және кәсіби қызметінің сәттілігін ескеріп өзінің оқу білімін құру мүмкіндігіне айқын бағытталған.
«Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының оқу бағдарламасы, мамандарды көлік техникасы және технологиялары аясында терең теориялық және практикалық даярлыққа бағытталған. «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының оқу бағдарламасы Ұлттық біліктілік пен кәсібтік стандарт негізінде, Дублиндік дискрипторлармен келісілген, 23 тамыз 2012 жылы №1080 Үкімет қаулысымен бекітілген жоғарғы білімнің Мемлекеттік жалпыміндетті стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаның басты мақсаты мен міндеттерін орындау мерзімі мен жетілдіру кезеңдері. Оқу бағдарламасын жетілдіру жоспарының басты мақсаты университеттің миссиясы мен стратегияларына сай әлемдік жахандану жағдайында көлік техникасын пайдалану, жөндеу және жобалау мәселелерін шешуге икемді, жоғары кәсіби деңгейге ие, еңбек рыногында бәсекеге қабілетті, көлік, көлік техникасы және технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлау. Оқу бағдарламасының мақсаты мемлекет пен қоғамның, ЖОО-ның, талапкерлердің және жұмыс берушілердің сұранысын қанағаттандыра отыра құрастырылған. Оқу бағдарламасының тәлім-тәрбие беру бағытындағы мақсаты студенттерде әлеуметтік-тұлғалық сапаларды: еңбексүйгіштік, ұйымдастыруға қабілеттілік, жауапкершілік, азаматтық, толеранттық қасиеттерді қалыптастыру.
Бакалавриат түлегіне «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша «Техника және технологиялар бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңіпаз студенттердің санын арттыруына әкелді.

Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
– көлік техникасын техникалық пайдаланудың теориялық негізін зерделеп білу;
– көлік техникасының жұмыс қабілетін қамсыздандырудың стратегиясы мен әдісін үйреніп білу;
– көлік техникасын техникалық пайдалану нормативін анықтай білу;
– қызмет көрсету құралының жұмыс өнімділігі мен өткізу қабілетінің түзілу заңдылығын зерттеу;
– көлік техникасына техникалық қызмет көрсетудің алдыңғы қатардағы техникасы мен технологиясын, оны ұйымдастыру және басқарудың ұтымды формасын, техникалық қызмет көрсету және жөндеудің кешендік көрсеткіштер жүйесін білу.
Біліктілігі
– көлік техникасының жұмыс қабілетін қамсыздандыру әдісін студенттің жан-жақты меңгеріп кету;
– студентті көлік техникасын техникалык пайдалану нормативін белгілеудің ғылымға сүйенген әдісін игеру;
– студентке қызмет көрсету құралының жұмыс өнімділігі мен өткізу қабілетінің түзілу заңдылығы жайында түсінік бере білу.

Көлік, көлік техникасы және технологиялары маманы келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– «Халықаралық Актау теңіз сауда порты» АҚ ҰК
– Құрық, Баутина және кез келген теңіз порттарында
Caspian Offshore Construction
– АҚ «НМСК «Казмортрансфлот»
– ЖШС «КАСПИАН ОФШОР КОНСТРАКШН»
– ЖШС «OMS SHIPPING»
– LTD Вагенборг Казахстан
– BUE KAZAKHSTAN
– ЖШС «Kazakhstan Caspian Offshore Industries»
– жобалау – конструкторлық
– конструкторлық-технологиялық
– ұйымдастыру-басқарушылық
– ғылыми-зерттеу
– өндірістік-технологиялық
– техникалық-пайдалану мекемелерінде және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5В071300
Академиялық дәрежесі: Көлік, көлік техникасы және технологиялар мамандығы бойынша техника және технология бакалавры
Таңдау пәні: Физика
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
346 600 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Физика
Профильдік пәні:
Еңбекті қорғау
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Мен Ш. Есенов атындағы университетінде оқып жүргенімді мақтан етемін. Кафедра, факультет және университет іс-шараларына белсенді ат салысамын, соның нәтижесінде «Болашақ отбасы-Мемлекет тірегі» атты сайыысында 3 орынға ие болдым. Университет басшылығы оқытушылар мен студенттерге оқудан тыс және қосымша ағылшын тілін ақысыз оқуға мүмкіндік берді. Ректорымыз қыз балаларға әскери кафедрада оқуға мүмкіншілік берді.

Айткаматова Индира

. Мен Ш. Есенов атындағы университетінде оқып жүргенімді мақтан етемін. Кафедра, факультет және университет іс-шараларына белсенді ат салысамын, біздің оқытушыларымыз білікті мамандар, жатақханамыз жақсы, керемет спорттық кешеніміз бар. Біздің білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған.

Генжебаев Нұрсұлтан

Сұрағыңыз болса: