Құқықтану

Мамандықтың сипаттамасы:
«Юриспруденция» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы адам және адамзат құқықтары мен бостандықтарын қорғау нәтижелілігін арттыру, кәсіпкерлік және басқа да заңға қайшы келмейтін қызметтерді қорғау және қолдау, құқық бұзудың алдын алу, қоғамда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтық пен отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, конституция мен қоғамға қайшы келетін жағдайларды қабылдамауға тәрбиелеу, заң және құқық тәртіптерін нығайту, қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыру және дамыту қабілеттерін меңгерген мамандар дайындауға бағытталған.
Оқудың артықшылығы:
«Юриспруденция» мамандығының оқу бағдарламасы университет қабырғасында екі бағыт бойынша жүргізіледі:
• Азаматтық-құқықтық;
• Қылмыстық-құқықтық.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Юриспруденция» мамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Фемида» студенттік үйірмесі жұмыс жасайды.
Студенттердің кәсіби тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру мақсатында заңгерлік кеңестер беру үйірмелері жұмыс жасайды.
«Юриспруденция» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдың ішінде ең бастысы – қоғамдық құбылыстарға байыппен және құқықтық тұрғыдан тұрғыдан қарай білуді, оған құқықтық баға беріп, талдай білуді үйренеді.
Студенттер оқуды аяқтағаннан кейін:
• азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын әкімшілік, қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету механизмдерін қолдана алады;
• құқықтық және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ете біледі;
• азаматтық хал актілерін, заңды тұлғаларды тіркеу және тұрғындарға құқықтық көмек көрсете алады;
• мемлекет көлемінде, аймақтар көлемінде заңдардың бірыңғай және дәлме-дәл орындалыстарына қадағалуды жүзеге асыруға атсалысады;
• туындаған дауларды сотқа жүгіну арқылы қалпына келтіруді қамтамасыз ете алады;
• азаматтарға кәсіби негіздегі заң көмектерін көрсете біледі.
Заңгерлер келесі мекемелерде қызмет атқара алады:
– сот органдары саласында;
– прокуратура органдарында;
– әділет министрлігі құрылымдарында;
– адвокаттық қызмет саласында;
– нотариаттық қызмет саласында;
– мемлекеттік қызметтерде;
– Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі құрылымдарында;
– мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар
– кәсіпкерлік қызмет өрісінде.

Қысқа мәлімет

Мамандың шифры: 5B030100
Академиялық дәрежесі:
Юриспруденция мамандығы бойынша құқық бакалавры
Таңдау пәні: Адам. Қоғам. Құқық
Профильдік пәні: Тарих
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
350 000 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Мемлекет және құқық теориясы негіздері
Профильдік пәні:
ҚР азаматтық құқығы
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Мен «Yessenov University» таңдағанымды мақтан тұтамын. Өз университетімнің қабырғасында мен өзіме жақсы достар таптым және көптеген тың жаңалықтар аштым. Университет менің жеке тұлға ретінде қалыптасуыма және әлеуетімнің ашылуына мүмкіндік берді. Мен болашаққа сеніммен қараймын, өйткені өз университетімде алған және алып жатырған білімдерім тәжірибеде көмектесетініне кәміл сенемін

Ниязбекова Амина

Университетте құқықтану саласында оқып жүріп білім алумен қатар қоғамдық өмірде бетпе-бет келген мәселелердің құқықтық шешімін таба білу, мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға қатысты өзіндік пікірімнің нақтылығын дәлелдей білуде құқықтық ұстанымдар мен қағидаларды қолдана білу машығымды дамытуға мүмкіндік алдым. Осы бағытағы түрлі пікір сайыстарға қатысып шыңдалуыма мен таңдаған оқу орны үлкен жол ашты

Қожаберген Нарұл

Сұрағыңыз болса: