Халықаралық қатынастар

Мамандықтың сипаттамасы:
«Халықаралық қатынастар» мамандығы – жоғары мектептің классикалық дәстүрлері мен қазақстандық және халықаралық еңбек нарықтарында бәсекеге қабілетті қазіргі заманғы білім беру технологиясының үйлесіміне негізделген сапалы кәсіби білім.
«Халықаралық қатынастар» мамандығының оқу бағдарламасы мемлекеттік және қоғамдық өмірдің көптеген салаларында жұмыс істеуге қабілетті халықаралық қатынастар саласындағы жоғары білімді мамандарды дайындауға негізделген.
Халықаралық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше түрі болып табылады және жаһандық, аймақтық немесе екі жақты қатынастардың деңгейіндегі мемлекетаралық және мемлекеттік емес қарым қатынастардың жүйесі болып саналады. Бұндай қарым қатынастардың және халықаралық қатынастардың мақсаты өзара әрекет ету субъектілерінің (халықаралық қатынастардың субъектілері) қызмет ету және дамуына қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Халықаралық қатынастар» мамандығы аясында студенттер ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, тренинг-семинарлар, пәндік олимпиадаларға, конкурстарға және тағы басқа да ғылыми іс-шараларға қатыса алады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер алыс және жақын шет елдердің жоғары оқу орындарында оқи алады. Университетте әскери кафедра жұмыс істейді.
«Халықаралық қатынастар» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Заманауи ақпараттық технологияларды іс жүзінде қолдану арқылы халықаралық саясаттың не екенін түсінеді. Халықаралық аренада болып жатқан оқиғаларға талдау жасай алады, әлемдік саясатқа қатысты әртүрлі іс-шараларды байыпты қабылдайды және оған қатысты өзінің көзқарасын әртүрлі жолдарды үйлестіре отырып көрсете алады.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• Халықаралық саясаттың не екенін түсініп, алған білімін қолданады.
• Халықаралық қатынастар мәселесінде мамандығы бойынша алған білімін тиімді қолдана алады.
• Туындаған мәселелерге қатысты шешімдер қабылдауда нақты ұстанымын қалыптастыра алады.
• Заманауи ақпараттық технологиялар арқылы халықаралық саясатты жіті қадағалау дағдыларын қолдана алады.
Халықаралық қатынастар саласының мамандары келесі мекемелерде қызмет атқара алады:
– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құрылымдарында
– дипломатиялық өкілдіктер: елшіліктер, консулдықтарда
– халықаралық ұйымдарда
– мемлекеттік қызмет саласында
– мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда
– қазақстандық және шетелдік компаниялар мен фирмаларда.

Қысқа мәлімет

Мамандың шифры: 5B020200
Академиялық дәрежесі:
Гуманитарлық білімдер бакалавры
Таңдау пәні: Шет тілі
Профильдік пәні: Тарих
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
350 000 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
География
Профильдік пәні:
Дүниежүзі тарихы
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Өзінің білім алатын оқу орнын таңдау – бұл әр адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Біздің университетті таңдағаныма менің ешқандай өкінішім жоқ, себебі мұнда сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Мен тек «үздік» оқуға тырысамын, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып, тілдерді үйреніп жүрмін және мемлекеттің гранттың иегері болып табыламын

Исмаилова Наиля

«Халықаралық қатынастар» мамандығын таңдау арқылы мен жаңа білімдер алуға, тренингтерге, ғылыми семинарларға және басқа да қызықты іс-шараларға қатысуға мүмкіндік алдым, ҚР Президенті стипендиясын тағайындауға арналған конкурста жеңіске жетіп, «Әлемді өзгертуші идеялар» атты семинар аясында Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы кітапханада сөз сөйледім

Мастанова Шахане

Сұрағыңыз болса: