Тарих

Мамандықтың сипаттамасы:
Тарих-адамзат қауымының, халықтар мен мемлекеттердің өткен өмірін, бүгінін және болашағын зерттейтін ғылым. Тарихты білу-сонау өткен замандағы маңызды оқиғаларды, сол кезеңдегі адамдардың өмір-тіршілігін оқып-үйрену. Адамзаттың дамуы барысында жинақтаған мәдени жетістіктерімен, айтулы тұлғалардың жарқын істерімен танысу. Өткен өмірден сабақ алып, қателікті қайталамауға тырысу, келешекті болжай білуге талпыну.
Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. “Тарихсыз-халық жоқ” деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Тарих» мамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Атамекен» студенттік үйірме жұмыс жасайды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі- студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуына мүмкіндік береді. «Тарих» мамандығының студенттері жыл сайын өткізетін республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар иеленді.
«Тарих» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдың ішінде – тарих мамандығы бойынша білім беру саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін меңгереді. Мектепте педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру және басқаруға, заманауи ақпараттық технологияларды кәсіби салада қолдануға қабілетті.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• кең ойлау қабілеті және ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін гуманитарлық және педагогикалық пәндер саласында базалық білімге ие болады;
• заманауи техникамен жұмыс жасай біледі, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдана біледі;
• жалпы білім беретін мектептердегі қазіргі қолданыстағы «Тарих» пәні бойынша оқу бағдарламаларын және оқу құралдарының құрылымы мен мазмұнын біледі;
• оқу үдерісіндегі жаңашыл оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін меңгерген және қолдана алады.
Тарихшылар келесі салаларда қызмет атқара алады:
– ұйымдық-технологиялық (тарих және кейбір гуманитарлық циклдегі пәндерді оқыту әдістемесін жүзеге асыру және іріктеу, жалпы білім беретін, мектепке дейінгі білім беретін, мектеп ұйымдарында, колледждерде оқу үдерісін дамытудағы оқыту формалары мен инновациялық әдістерін енгізу)
– өндірістік-басқару (әдіскер-тарихшы, мектеп, арнайы орта білім ұйымдарының басшысы)
– жобалау (нақты жалпы білім беретін мектепке дейінгі мектеп ұйымдары типіне бейімдеу; колледж, лицей, жалпы білім беретін білім ұйымдары оқушылары үшін оқу-тәрбие қызметінің жоспарларын дайындау және жүзеге асыру)
– ғылыми-зерттеу (гуманитарлық пәндер циклін оқыту үдерісінің ерекшелігін, тарихи өлкетануды, аударма қызметін және басқаларды зерттеу)
– педагогикалық, мәдени-ағартушылық – Қазақстан халықтары дәстүрлі мәдениетін, мәнді идеялар жетістігін қолдау, дамыту және жүзеге асыру
– Қазақстан Республикасының мәдениет тарихы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамға қызмет етуді насихаттау.

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5В011400
Академиялық дәрежесі:
Тарих мамандығы бойынша білім бакалавры
Таңдау пәні: Тарих
Профильдік пәні: География
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
443 300 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Педагогика және психология негіздері
Профильдік пәні:
Қазақстан тарихы
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Елімнің тарихы-менің тарихым. Тарих мамандығында білім-тәрбие ала отырып өз елімнің өткенін меңгеріп, ұлттық тарихымыз бен құндылықтары-мызды келешек ұрпаққа саналы түрде жеткізу міндетім деп білемін

Досекеев Ахмет

Ұстаз болу - ізденіс пен еңбекке негізделген өнегелі өнер деп білемін. Университет қабырғасындағы «Туған жерім - қасиетті, құтты қоныс» ғылыми-зерттеу жұмысым өлке тарихына қатысты материалдарды меңгеруге, білімімді жетілдіруге жол ашты

Кошкарова Айгерим

Сұрағыңыз болса: