Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау

Мамандықтың сипаттамасы:
«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы бүгінгі таңда қажетті мамандықтардың қатарына жатады. Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау бағдарламасы – геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін және кәсіпшілік геологиясы саласында қызмет көрсету компанияларында геологиялық лауазымдарда жұмыс атқару үшін білім береді.
Геология–қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие мамандық, оның ішінде мұнай мен газ кенорындарын іздестіру және барлау, қор көлемін есептеу мұнайы – ел экономикасының дамуында стратегиялық маңызы зор. Мұнай мен газ қорларынан өзге әртүрлі шикізат кенорындарын барлайтын, кәсіптік маңызын қарастырып, пайдалы қазбалар көздерін зерттеп, өндіруге ұсынатын осы геолог мамандар.
Геология мамандығы көп салалы, ол: мұнай және газ геологиясы, геофизика, гидрогеология, инженерлік геология, петрофизика, қатты пайдалы қазбалар геологиясы болып тарамдалады.
«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы бойынша оқыту – геология саласында техника және технология бакалаврларын мемлекеттік тапсырыс пен еңбек нарығы сұранысы бойынша сапалы кәсіптік дайындауды қамтамасыз ету; жалпы ғылыми және арнайы білім бағытында машықтарды қалыптастыру, өндірістік технологиялық, ғылыми зерттеу, ұйымдық басқару, жобалық-ізденіс  салаларда кәсіптік қабілеттілігі жүйесін қалыптастыру.
Оқудың артықшылығы:
«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы бакалавриатында оқу үш деңгейде академиялық дәреже алуға жол ашады. Аталмыш мамандық одан әрі осы университет қабырғасында магистратура және доктарантурада үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік беретін бірден бір мамандық.
Екі дипломдық бағдарламалар:
Түмен индустриалды университеті – Ресей Федерациясы
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Жас геолог» студенттік үйірме жұмыс жасайды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру бойынша академиялық ұтқырлық, олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және халықаралық симпозиумдарға басқа да ғылыми іс шараларға қатысулары жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып отырады.
«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығының студенттері Алматы қаласында Қ. И. Сәтпаев атындағы жыл сайынғы өткізетін республикалық пәндік олимпиадаларында үнемі жүлделі ІІ және ІІІ орындарды иеленіп жүр.
Университетіміздегі «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» ҚР ЖОО рейтингі бойынша алдыңғы орындарда.
Оқудағы жетістіктеріне қарай студенттер «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ҚұрманғазыПетролум» ЖШС, «Тасболат» ЖШС, НКОК компанияларының оқу гранттарын ұтып алады.
Академиялық ұтқырлық бойынша студенттер «Проф д-р Асен Златаров» университетімен келісім шартқа сәйкес Болгария мемлекетінде жарты жылдық мерзімде білім ала алады.
«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
• кәсіптік қызмет барысындағы өзгерістер жағдайында ұтқырлы болу;
• кәсіптік, ғылыми зерттеу қызметі барысында туындайтын міндеттерді шеше білуді қалыптастыру;
• геология мен жер қойнауын барлау сұрақтарын зерттеуге ынталандыру қабілетін көрсете алу, жер қойнауын пайдалану заңнамасы және минералды шикізат сапасына қойылатын талаптар мен әлемдік, жергілікті, аймақтық нарық коньюктурасын сұрақтарында икемділігін көрсету.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• геологиялық денелер мен жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың қасиеттері мен құрамын талдау және зерттеу тәсілдерін қолдана алады;
• геологиялық түсіру, қашықтық, бұрғылау, таукен, геофизикалық, геохимиялық және зертханалық зерттеу әдістерін барлық түрлерін жүргізудің әдістемелік негіздерін меңгереді;
• пайдалы қазбаларды іздеу мен болжау мақсатында геологиялық карталардың әрқилы түрлерін іс жүзінде қолдана алады;
• бұрғылау, геофизикалық, тауаралық техника, заманауи аспаптар мен құрылғыларды тиімді пайдалану шарттары мен техникалық мүмкіндіктерін біле алады;
• қазіргі уақытта геологиялық барлау жұмыстары экономикасы және ұйымдастыру тәртіптерін біледі;
• жер қойнауын пайдаланудың құқықтық негіздері, геологиялық барлау жұмыстары кезінде еңбекті және қоршаған ортаны қорғау заңнамасын біледі.
Геологтар келесі компанияларда қызмет атқара алады:
— ғылыми зерттеу-жобалау институттары
— ірі мұнай өндіру компаниялары
— геология және жер қойнауын қорғау департаменттері
— геологиялық барлау-бұрғылау мекемелері
— геофизикалық қызмет кәсіпорындары
— ғылыми-өндірістік орталықтар
— отандық және шетелдік жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар
— мемлекеттік мекемелер
— саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5B070600
Академиялық дәрежесі:
Геология және пайдалы қазбалар кенорындары барлау мамандығы бойынша техника және технология бакалавры
Таңдау пәні: Физика
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
346 600 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Физика
Профильдік пәні:
Жалпы геология
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Факультет студенттерінің шығармашылығын шыңдау үшін көптеген сайыстар өткізіліп тұрады. Осы аяда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» арналған жеңіл атлетикадан қалалық жарыста «Быстрый спурт» сертификатын иелендім. Тілдік емес мамандықтар арасында өткізілген орыс тілі олимпиадасында «Маңғыстау өлкесін таныстыру» атты тақырыбымен 3 орын иелендім

Жұмағазы Дана

Университет қабырғасында жетекші оқытушылардың даярлауымен және өзімнің табанды дайындығыммен Республикалық мамандық бойынша пәндік олимпиададан жүлделі орындар алып, Білім және Ғылым министрлігі дипломдарымен марапатталдым



Демегенов Айдынбек

Сұрағыңыз болса: