Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау

Мамандықтың сипаттамасы:
«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы бүгінгі таңда қажетті мамандықтардың қатарына жатады. Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау – геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін және кәсіпшілік геологиясы саласында қызмет көрсету компанияларында геологиялық лауазымдарда жұмыс атқару үшін білім береді.
Геология – қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие мамандық, оның ішінде мұнай мен газ кенорындарын іздестіру және барлау, қор көлемін есептеу мұнайы – ел экономикасының дамуында стратегиялық маңызы зор. Мұнай мен газ қорларынан өзге әртүрлі шикізат кенорындарын барлайтын, кәсіптік маңызын қарастырып, пайдалы қазбалар көздерін зерттеп, өндіруге ұсынатын осы геолог мамандар.
Геология мамандығы көп салалы, ол: мұнай және газ геологиясы, геофизика, гидрогеология, инженерлік геология, петрофизика, қатты пайдалы қазбалар геологиясы болып тарамдалады.
«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы бойынша оқыту – геология саласында мемлекеттік тапсырыс пен еңбек нарығы сұранысы бойынша сапалы кәсіптік дайындауды қамтамасыз ету; жалпы ғылыми және арнайы білім бағытында машықтарды қалыптастыру, өндірістік технологиялық, ғылыми зерттеу, ұйымдық басқару, жобалық ізденіс және педагогтық салаларда кәсіптік қабілеттілігі жүйесін қалыптастыру.
Оқудың артықшылығы:
«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығының магистрі ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша – техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алса, бейіндік бағыт бойынша – техника және технология магистрі дәрежесін иеленеді.
Әрі қарай білім алудың үшінші деңгейі – Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау докторантурасына түсуге мүмкіншілік алады және докторантураны Ш. Есенов атындағы КМТИУ-де жалғастыра алады.
Екі дипломдық бағдарламалар:
Түмен индустриалды университеті- Ресей Федерациясы
Мамандық аясындағы магистранттар мүмкіндіктері:
Магистранттар «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кәсіптік білімдерін жетілдіру мақсатында ғылыми жұмыстармен айналысады.
Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру бойынша академиялық ұтқырлық, конкурстарға, конференцияларға және халықаралық симпозиумдарға басқа да ғылыми іс шараларға қатысулары жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып отырады.
Магистранттардың ғылыми тағыламдамасы үшін Уфа мемлекеттік мұнайгаз университетімен, Түмен мемлекеттік мұнайгаз университетімен, Астрахань мемлекеттік техникалық университетімен, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетімен, Қытай мұнай техникалық университетімен, Баку мұнай академиясымен байланыс орнатылған.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары жетістіктеріне қарай магистранттар әртүрлі жобаларға қатысып гранттар ұтып алуға мүмкіндіктері бар.
Ш.Есенов атындағы КМТИУ жанында магистранттарға жан-жақты қолдау көрсететін мұнай өндірісінің техникалық мамандықтарының халықаралық кәсіби ұйымы – Мұнайшы инженерлер Қоғамы (англ. Society of Petroleum Engineers, SPE) жұмыс жасайды.
Магистранттар факультет кеңес құрамына мүше болып, факультеттегі әлеуметтік қоғамдық үрдістерге белсенді араласып отырады.
«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы магистрларының қабілеттері:
Білім алуы мерзімінде жалпы ғылыми және арнайы білімді, машықтарды қалыптастыру, өндірістік технологиялық, ғылыми зерттеу, ұйымдық басқару, жобалық ізденіс және педагогтық салаларында кәсіптік компетенциялар жүйесін қалыптастыру.
Магистранттар бітіргеннен кейін:
• aймақтық және жергілікті стратиграфиялық сызбаларды геологиялық карталау мақсаттарына бейімдей алады;
• геофизикалық әдістерді кенорындарды іздеу мен барлауда және геологиялық карта жасауда қолданады;
• қор санаттарын анықтау, перспективті және болжамдық қорларды, өндірістік мәні бар мұнай және газ қорлары тобын ажырата біледі;
• сейсмикалық мәліметтерден мейлінше толық және сенімді мәліметтер ала білу, құрылымдық сызбалар жасау, берілген нысанның болашағын және зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын бағалау жұмыстарын жасай алады;
• геофизикалық мәліметтерді геологиялық интерпретациялаудың петрофизикалық негіздерін қолданады;
• геологиялық құрылымы туралы көпқилы ақпаратты талдай біледі.
Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау магистрлері келесі компанияларда қызмет атқара алады:
— ғылыми зерттеу-жобалау институттары
— ірі мұнай өндіру компаниялары
— геология және жер қойнауын қорғау департаменттері
— геологиялық барлау-бұрғылау мекемелері
— геофизикалық қызмет кәсіпорындары
— ғылыми-өндірістік орталықтар
— отандық және шетелдік жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар
— мемлекеттік мекемелер
— саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6М070600
Академиялық дәрежесі:
Профильдік бағыт бойынша: Техника және технология магистрі
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша: Техника  ғылымдарының магистрі

Оқу түрі: Күндізгі

Оқу ақысы:

396 000 теңге / 1 оқу жылына

Магистранттар шет елдік тағылымдамалар мен біліктілік көтеру курстарынан жүйелі түрде өтіп отырады. Мен мамандығым бойынша Бизнес және Менеджмент жоғары мектебінің «Седиментология резервуара» біліктілігін көтеру сертификатын иелендім

Мусин Бауыржан

Осы университетте алған білімімді еңбекпен ұштастыра жүріп, Республикалық өлкетанушылар форумында Маңғыстау облысынан туған өлкенің тарихын зерттеуге сіңірген еңбегім үшін «Үздік өлкетанушы» төсбелгісін иелендім

Бекболат Төлегенұлы

Сұрағыңыз болса: