Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау

Мамандықтың сипаттамасы:
«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы бүгінгі таңда қажетті мамандықтардың қатарына жатады. Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау бағдарламасы- геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін және кәсіпшілік геологиясы саласында қызмет көрсету компанияларында ғылыми геологиялық лауазымдарда жұмыс атқару үшін және ғылыми жобалармен айналысу үшін білім береді.
Геология – қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие мамандық, оның ішінде мұнай мен газ кенорындарын іздестіру және барлау, қор көлемін есептеу мұнайы – ел экономикасының дамуында стратегиялық маңызы зор. Мұнай мен газ қорларынан өзге әртүрлі шикізат кенорындарын барлайтын, кәсіптік маңызын қарастырып, пайдалы қазбалар көздерін зерттеп, өндіруге ұсынатын осы геолог мамандар.
Геология мамандығы көп салалы, ол: мұнай және газ геологиясы, геофизика, гидрогеология, инженерлік геология, петрофизика, қатты пайдалы қазбалар геологиясы болып тарамдалады.
«Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы бойынша оқыту – Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау мамандығы бойынша философия (phD) докторы мемлекеттік тапсырыс пен еңбек нарығы сұранысы бойынша жүргізу; жалпы ғылыми және арнайы білім бағытында машықтарды қалыптастыру, өндірістік технологиялық, ғылыми зерттеу, ұйымдық басқару, жобалық ізденіс және педагогтық салаларда кәсіптік қабілеттілігі жүйесін қалыптастыру.
Оқудың артықшылығы:
Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау мамандығы бойынша философия (phD) докторы ғылыми, ғылыми-педагогикалық орындарда, өндірісте және жоғарғы оқу орындарында қызмет бабын, мансабын жоғарлатуға мүмкіндік алады.
Мамандық аясындағы докторанттардың мүмкіндіктері:
Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау мамандығы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кәсіптік білімдерін жетілдіру мақсатында ғылыми жұмыстармен айналысады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру бойынша шет елге ғылыми тағылымдамаға, академиялық ұтқырлық, конкурстарға, конференцияларға және халықаралық симпозиумдарға басқа да ғылыми іс шараларға қатысулары жоғарғы деңгейде және жоспарлы ұйымдастырылып отырады.
Ш.Есенов атындағы КМТИУ жанында докторанттарға жан-жақты қолдау көрсететін мұнай өндірісінің техникалық мамандықтарының халықаралық кәсіби ұйымы – Мұнайшы инженерлер Қоғамы (англ. Society of Petroleum Engineers, SPE) жұмыс жасайды.
Докторанттар университет кеңес құрамына мүше болып, университет және факультет қызметіне тығыз араласып отырады.
Докторантураға ҚР БҒМ оқу гранты бөлінеді.
Ғылыми-зерттеу, экспериментті-зерттеу тәжірибелерінен және шет елде ғылыми тағылымдамалардан өтеді.
Докторанттар факультет кеңес құрамына мүше болып, факультеттегі әлеуметтік қоғамдық үрдістерге белсенді араласып отырады.
Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау мамандығы бойынша философия (phD) докторы қабілеттері:
Білім алуы мерзімінде жалпы ғылыми және арнайы білімді, машықтарды қалыптастыру, өндірістік технологиялық, ғылыми зерттеу, ұйымдық басқару, жобалық ізденіс және педагогтық салаларында кәсіптік компетенциялар жүйесін қалыптастыру.
Докторант мамандықты бітіргеннен кейін:
• аймақтық және жергілікті стратиграфиялық сызбаларды геологиялық карталау мақсаттарына бейімдей алады;
• геофизикалық әдістерді кенорындарды іздеу мен барлауда және геологиялық карта жасауда қолданады;
• қор санаттарын анықтау, перспективті және болжамдық қорларды, өндірістік мәні бар мұнай және газ қорлары тобын ажырата біледі;
• сейсмикалық мәліметтерден мейлінше толық және сенімді мәліметтер ала білу, құрылымдық сызбалар жасау, берілген нысанның болашағын және зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын бағалау жұмыстарын жасай алады;
• геофизикалық мәліметтерді геологиялық интерпретациялаудың петрофизикалық негіздерін қолданады;
• геологиялық құрылымы туралы көпқилы ақпаратты талдай біледі;
• тарихи геологиялық ақпараттарды өңдей және сараптай алады және ауданның геологиялық ерекшелігі туралы тұжырымдамалар жасай алады;
• кенорынның геологиялық моделін тұрғыза алады.
Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау мамандығы бойынша философия (phD) докторы келесі компанияларда қызмет атқара алады:
— ғылыми зерттеу-жобалау институттары
— жоғары оқу орындары
— ірі мұнай өндіру компаниялары
— геология және жер қойнауын қорғау департаменттері
— геологиялық барлау-бұрғылау мекемелері
— геофизикалық қызмет кәсіпорындары
— ғылыми-өндірістік орталықтар
— отандық және шетелдік жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар
— мемлекеттік мекемелер
— саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6D070600
Академиялық дәрежесі: Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау мамандығы бойынша философия (РhD) докторы
Оқу түрі және мерзімі:
Ғылыми-педагогикалық бағыт: 3 жыл

Мұнай-газ ісі мамандығының бакалавры, магистры және бүгінгі таңда Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау мамандығының докторантурасында оқып жүрмін. Университет қабырғасында «Қазэнерджи» энергетика және мұнай-газ кешені ұйымдарының қауымдастығының стипендиаты болдым, осы ұйымның VII жастар форумына қатысқаным және атсалысқаным үшін «Kazenergy» Ассоциациясының Президентінің алғыс хатымен марапатталдым

Темиров Нысанбек

Сұрағыңыз болса: