География

Мамандықтың сипаттамасы:
«География» – қазіргі заманда білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары географ-педагогтарды даярлау қатарына жатады.
География- бұл жаратылыстану ғылымдарының заңдылықтарын қолдану арқылы практикалық және далалық эксперименттік зерттеу жасайтын мамандық.
Оқудың артықшылығы:
«География» мамандығының оқу бағдарламасы бойынша университет қабырғасында студенттер географиялық алаң жасақтауды, географиялық сабақтарда климат метеорологиялық аппараттармен жұмыс жасауды үйреніп, география пәні мұғаліміне қажетті біліктілікті толықтай игерумен қатар, үш тілді меңгеру аясында шет тілін (ағылшын тілі) еркін меңгерулеріне толық мүмкіндік жасалған.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
Қажетті икемділіктер мен дағдыларды игеру үшін факультетте арнайы аудиториялар жасақталған.
Жоғарғы оқу орнын таңдау кезінде талапкерлер үшін ең басты жағдайлардың бірі әскери кафедраның болуы. Әскери кафедрада білім алу жастардың әскери дайындықтан өтуінің басты құралы болып табылады. Әскери кафедрада оқу бұл запастағы әскери офицер қатарына тіркелуге берілген тамаша мүмкіндік.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де жеңіпаз студенттердің санын арттыруына әкелді.
«География» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдың ішінде ең бастысы – айналаға байыппен және тиімді тұрғыдан қарай білуді, оның ақиқатын түсінуді және ұғынуды үйренеді. Университет түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
• Ұйымдастыру-басқару
• Өндірістік-технологиялық
• Білім беру (педагогикалық)
• Ғылыми- зерттеу
География мамандығы бойынша қызмет көрсету бакалавры келесі мемлекеттік мекемелерде қызмет атқара алады:
– Мемлекеттік орта білім беру және жоғарғы оқу орындарында
– Мемлекеттік метеостанцияларда
– Табиғат және қоршаған ортаны қорғау мекемелерінде

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5В011600
Академиялық дәрежесі: География мамандығы бойынша білім бакалавры
Таңдау пәні: География
Профильдік пәні: Биология
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
443 300 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Педагогика және психология негіздері
Профильдік пәні:
География
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Университет жанынан құрылған көптеген үйірмелерге қатысу арқылы өзімді жаңа қырымнан танытуға мүмкіндік берді. Облыс көлемінде домбыра жарыстарынан жүлделі орындарды иеленіп келемін. Келешекте жан-жақты дамыған маман болуыма жол ашады деп сенемін

Сарсенгалыева Камшат

Оқуда көрсеткен жетістігім үшін университет ректоры «EXPO 2017» көрмесіне баруға мүмкіндік берді. Университет атынан бұл көрмеге жолдама алып баруым менің болашақ маман ретінде қалыптасуыма, сонымен қатар тәжірибеме үлкен үлес қосты

Ғалымова Іңкәр

Сұрағыңыз болса: