Физика

Мамандықтың сипаттамасы:
«Физика» мамандығына оқу барысында физиканың тараулары терең оқытылады. Бұл жарық құбылыстарын, қозғалыс заңдылықтарын, кіші бөлшектердің құрылысын,электр тогы, атом мен ядро, молекулардың қозғалысын т.с.с заңдылықтарды үйретеді. Сонымен қатар педагогика, психология, тәрбие жұмыстары әдістемесі, физиканы оқытудың теориясы мен әдістері; заманауи педагогикалық технологиялар туралы білім алуға болады.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Физика» мамандығында білім алатын студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарға, республикалық, облыстық, қалалық шараларға қатысып, белсенділік танытып келеді. Жыл сайын студенттер арасында өтетін университетішілік, қалалық, облыстық, республикалық «Жыл студенті» байқауында жүлделі орындардың иегері атанады.
«Физика» мамандығының студенттері жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық пәндік олимпиадасынан жүлделі орындарды иеленеді.
«Физика» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Түлектер физика мамандығы бойынша сапалы білім алып, педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыруға, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруге және кәсіби салада қолдануға қабілетті болады.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• білім беру процесін жоспарлап, жүзеге асыра алады;
• ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнын, заңдылықтарын, қағидаларын біледі;
• түрлі құбылыстар мен процестерді ғылыми талдап, болжай алады.
Физика пәнінің мұғалімі төмендегідей мекеме, ұйымдарда қызмет атқара алады:
– орта және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде мұғалім, әдіскер, оқу, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысы меңгерушісі, т.с.с.
– мемлекеттік мекемелерде (әкімшілік, жастар ісі жөніндегі комитеттерде, қалалық және аудандық оқу бөлімдерінде) әртүрлі деңгейдегі маман
– өз жұмыстарында зерттеудің физикалық әдістерін қолданатын ұйымдарда.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5B011000
Академиялық дәрежесі: Физика мамандығы бойынша білім бакалавры
Таңдау пәні: Математика
Профильдік пәні: Физика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
443 300 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Педагогика және психология негіздері
Профильдік пәні:
Физика
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Университет қабырғасында оқып жүріп, “Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім” атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауында командалық есепте ІІ орынға ие болдық. Әрине, бұл жетістікке жол ашқан университетте алған тәрбиеммен білімімнің арқасы деп білемін

Туримов Махамбет

Университетте алған білімдер негізінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналасып, инновациялық бизнес жоба ұсынып, «Жыл студенті» байқауында «Үздік студенттік бизнес жоба» номинациясы жеңімпазы атандым


Мухаммет Перизат

Сұрағыңыз болса: