Физика

Мамандықтың сипаттамасы:
Жоғары білімді жастарды тәрбиелеу, өз бетінше жаңа білім алуға қабілетті және олардың кәсіби мансаптары бойынша өзгеретін технологияларға сәйкес бейімделуіне мүмкіндік беретін өмір бойы оқу дағдыларын меңгеруіне ықпал етеді. Ғылыми және шығармашылық жұмысқа дайындап, нәтижелерді сыни түсінуге, заманауи тез өзгеретін әлем жағдайында кәсіби қызметінің жауапкершілігін қалыптастырады. Бәсекеге лайықты, жан-жақты дамыған маман даярлауда кафедра ұжымының үлесі зор.
Физика магистрі тек мұғалім мамандығымен шектеліп қоймай, өндірістің кез келген саласында еңбек етуге және докторантурада оқуын жалғастырып, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырады.
Мамандық аясындағы магистранттардың мүмкіндіктері:
«Физика» мамандығы аясында магистранттар қазіргі кездегі физиканың өзекті мәселелері бойынша терең білім алады.
Магистранттар Астрахань мемлекеттік университетінің «Теориялық физика және физиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының профессор-оқытушыларының дәрістерін тыңдап, ғылыми тағылымдамадан өтті.
Республикалық, аймақтық, университеттік ғылыми-практикалық конференцияларға, жобаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
«Физика» мамандығы магистрінің қабілеттері: Ғылыми және білім беру бағдарламаларын жоспарлауға, ұйымдастыруға қабілетті, сонымен қатар түрлі құбылыстар мен процестерді ғылыми талдау және болжауға икемді. Оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізудің (дәріс, семинар, практикалық және зертханалық сабақтар) әдістерін меңгереді.
Магистранттар бітіргеннен кейін:
• оқытудың әр түрлі модельдерін (дәстүрлі, инновациялық және т.б.) пайдалана біледі;
• белгілі бір жағдайларда оқытудың мемлекеттік және жеке маңызды мақсаттары мен міндеттерін айқындай және нақтылай алады;
• оқу процесінде таңдалған білім мазмұнын таңдаудың әдістемесін және механизмін әзірлей алады.
Физика магистрі төмендегідей мекеме, ұйымдарда қызмет атқара алады:
– орта және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде мұғалім, әдіскер, оқу, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысы меңгерушісі, т.с.с.
– мемлекеттік мекемелерде (әкімшілік, жастар ісі жөніндегі комитеттерде, қалалық және аудандық оқу бөлімдерінде) әртүрлі деңгейдегі маман
– жоғарғы оқу орындарында
– ғылыми орталықтарда.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6М011000

Академиялық дәрежесі:
Профильдік бағыт бойынша: Физика мамандығы бойынша білім магистрі
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша: Физика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

Оқу түрі: Күндізгі

Оқу ақысы:
396 000 тг/ 1 оқу жылына

Магистратурада оқып жүргендегі ең үлкен жетістігім - бұл “Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім” атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауында командалық есепте ІІ орынға ие болдық. Ұстаздарыма үлкен алғыс айтамын

Демегенов Бауыржан

Сұрағыңыз болса: