Қаржы

Мамандықтың сипаттамасы:
Қаржы мамандығы – бұл банк ісі мен сақтандыру, қаржы айналымы, мемлекеттік және жергілікті қаржы бойынша, бағалы қағаздар нарығы, салық және салық салымдары бойынша, қаржы менеджменті бойынша білім кешені.
Қаржыгер – капиталды басқарумен, үлкен ақша операцияларымен, заңды негізде жүзеге асырылатын қаржылық жобалар мен қаржылық операциялар, қаржылық ғылымдағы жоғары білікті маман. Сонымен қатар банк бөлімшесінде қызметкер бола тұра, қаржы министрлігінің жұмыскері (министрдің өзі) бола алады.
Оқудың артықшылығы:
Қаржы мамандығының артықшылығы мамандықтың көпқырлылығы. Қаржыгердің жұмыс орны банк, сақтандыру компаниясы, несиелік және инвестициялық компаниялар бола алады. Оған қоса жұмыс барысында алынған тәжірибе маманға күнделікті өмірде, сол сияқты жеке бизнесті ұйымдастыруда да қажет.
«Қаржы» мамандығының оқу бағдарламасы университет қабырғасында екі бағыт бойынша жүргізіледі:
• Қаржылық менеджмент
• Салық және салық салу.
Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері:
• банктер мен биржалар;
• бағалау, лизинг және сақтандыру компаниялары;
• инвестиция және зейнетақы қорлары;
• аудиторлық және консалтингтік компаниялар;
• кәсіпорындардың қаржы бөлімдері;
• әкімшіліктер мен қазынашылықтардың қаржы бөлімдері;
• кеден органдары; салық инспекциялары;
• рейтинг агенттіктері;
• жеке бизнес.
«Қаржы» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
«Қаржы» мамандығы қаржы сферасында түлектерді базалық біліммен, сонымен қатар қаржылық менеджмент, банк және сақтандыру ісі, ақша айналысы, қаржылық нарық, бағалы қағаздар нарығы, салық және салық салу сферасындағы білімдерімен қамтамасыз етеді.
«Қаржы» мамандығы түлектері банк мамандары мен басшылары, салық комитеті, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және өзге де қаржылық ұйымдарда жұмыс жасай алады, кез келген меншік формасында қаржылық басшылар мен аналитиктер бола алады.
Қаржыгер шешуге тиісті тәжірибелік міндеттемелер қатарына:
• Компанияның қаржылық жағдайын талдау;
• Қаржыны басқару мәселелерін шешу;
• Инвестициялық жобаны бағалау;
• Басқару есебіне бағдарлану;
• Салық және салық салу принциптерін түсіну;
• Банк ісі және сақтандыру ісіне бағдарлану;
• Коммерциялық банкті, инвестициялық компаниялар мен қорларды басқаруды түсіну;
• Меншікті бағалау, қауіпсіздік бағалау, компанияны бағалау;
• Қаржылық қамтамасыз ету модельдері және т.б.
Қаржыгер келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– «Qazkom» АҚ
– «Fortebank» АҚ
– «Сбербанк России» АҚ
– АҚ «Altyn bank»
– АҚ «Bank RBK»
– «Казкоммерц-Life» сақтандыру компаниясы
– «Номад Иншуранс» СК АҚ
– «Freedom Finance» ИК
– Мемлекеттік мекемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.

Қысқа мәлімет

Мамандың шифры: 5B050900
Академиялық дәрежесі:
Экономика және бизнес бакалавры
Таңдау пәні: География
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
350 000 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Қаржы және несие
Профильдік пәні:
Қаржыны ұйымдастыру
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Осы мамандықты таңдағаныма мақтан тұтамын. Біздің университетімізде студенттік өміріміз белсенді өтіп жатыр. Солардың бірі ретінде Маңғыстау жастар арасындағы саясатты дамытуға қосқан үлесім үшін Алғыс Хатпен марапатталдым, сонымен қатар Каспий теңізі елдерінің І Халықаралық жастар форумы аясында қорғалған ғылыми жобамыз ақшалай сертификатқа ие болды

Бөлекбаева Нұрзия

Университетте көптеген қоғамдық шараларға қатысып, белсенді студенттердің қатарында болдым. Мен жеткен жетістіктер, бағындырған белестер өте көп. Соның бірі 2017- жылғы қорытынды марапат – ол «Жыл ақыны - 2017»болатын. Мен университетімді мақтан тұтамын

Табунаев Ыхылас

Сұрағыңыз болса: