Филология

Мамандықтың сипаттамасы:
«Филология» мамандығы білікті мамандар даярлауда бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. Қазақ тілі мен әдебиетінен бәсекеге лайықты, жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, терең білімді, іскерлік дағдысы қалыптасқан мамандар даярлауда ғылыми әлеуеті өте жоғары кафедра ұжымы еселі еңбек етіп келеді.
«Филология» мамандығы бойынша философия докторы – ол ғылыми жұмыста және білім беруде инновациялық және дәстүрлі технологияны тиімді сабақтастыру мен кәсіби дағдылардың айтарлықтай көлеміне ие жоғары білікті маман. Сонымен қоса оның қолданылу саласы және білімі әртүрлі болуы мүмкін: білім беру, ғылыми-зерттеу, әдеби-шығармашылық, ұйымдастыру-басқару, әдеби кеңесші, өндірістік-басқарушылық тағы басқалар. Білім беру, ұйымдастыру, басқару, әлеуметтік – педагогикалық, оқу – тәрбиелік, оқу – технологиялық салалардағы мәселелерді шешуге қабілетті маманның белгілі бір мансапқа қол жеткізуіне жағдай жасайды.
Мамандықтың ерекшелігі: «Филология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) кәсіби қызметі аясына ұйымдастыру- басқару, ғылыми-зерттеу ұйымдары жатады.
«Филология» мамандығын бітірген философия докторының қабілеттері:
Докторанттар үш жылдың ішінде ең бастысы – филологияның проблемаларын түйіндеуде, даярлау күйін бағалауда, өзгеріп, жаңарып отыратын әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен сабақтастыра отырып жүзеге асыруда, өзіндік жеке ғылыми ұстанымын қалыптастыруда білікті және кәсіби салада қолдануға қабілетті болады. Жүйелі ғылыми ойлау мәдениеті, ғылыми креативті, инновациялық білім берудің қызметтік дағдысын толық меңгеріп, қолдана біледі.
Докторанттар бітіргеннен кейін:
• ЖОО-да ғылыми жұмыстарды жүргізу мен филологиялық пәндерді оқытудың дәстүрлі, инновациялық, инфокоммуникациялық әдістемесін меңгере алады;
• ұжымда ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнын, түрлерін, заңдылықтарын, принциптерін, технологияларын біледі және жүргізе алады;
• кәсіби қызметінде дәстүрлі, инновациялық, инфокоммуникациялық әдістер мен технологияларды пайдалануда біліктілік дағдысы қалыптасады;
• филология ғылымы мен пәнаралық салалардың проблемаларын шешуді өзгеріп, жаңарып отыратын әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен сабақтастыра алуды, бірлескен ғылыми жобалармен жұмыс атқаруды істей біледі.
Филология» мамандығы бойынша философия докторы төмендегідей мекеме, ұйымдарда қызмет атқара алады:
– білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, ЖОО оқытушысы, мекемелер мен ұйымдар;
– ұйымдастыру-басқару, ғылыми-зерттеу (қазақ тілі мен әдебиетінің қазіргі жағдайы және тарихи дамуы тұрғысынан зерттеу) ғылыми қызметкер, баспа ісі;
– өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде) және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6D020500
Академиялық дәрежесі: Филология бойынша (PhD) философия докторы
Оқу түрі және мерзімі:
Ғылыми-педагогикалық бағыт: 3 жыл

Сұрағыңыз болса: