Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Мамандықтың сипаттамасы:
Өндірістің қиындығы және түбегейлі жаңа технологиялардың пайда болуы қоршаған ортаға теріс әсерін арттырады және авариялар мен жазатайым оқиғалардың көбеюіне, кәсіптік ауруларға, жарақаттарға соқтырады. Адамның қоршаған ортаға әсері, қоршаған ортаға және адамзаттың технологиялық өркениетінің басты объектісі – техносфераға әсер етуі сөзсіз. Барлық осы процестер өмірдің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандарды даярлаудың өзектілігін және қажеттілігін анықтайды. Уақыттың талабы – техносфера мен қоршаған ортамен өзара әрекеттесу кезінде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуге қабілетті білікті мамандар. Олардың міндеті – техносфераның қауіпсіз және экологиялық қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, авариялар мен апаттардың себептерін болжау және жою.
Оқудың артықшылығы:
Оқу процесін жүзеге асыру үшін кафедраның мамандандырылған зертханалар мен аудиториялардан туратын материалды базасы бар.
Академиялық ұтқырлық:
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуды жүзеге асыру аясында «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігі бар.
Сыртқы академиялық ұтқырлық ҚР Білім және ғылым министрлігінің республика бюджетінен өтелетін, сонымен қатар білім алушылардың өз қаражаты есебінен төленетін бағдарлама бойынша ұйымдастырылады.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Жас эколог» студенттік үйірме жұмыс жүргізеді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңіпаз студенттердің санын арттыруына әкелді. «Экология» мамандығының студенттері Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ жыл сайынғы өткізетін республикалық пәндік олимпиадалардан жүлделі орындарды иеленді.
«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» оқу бағдарламасының түпкілікті мақсаты – білім беру бағдарламасына дайындық бағыттары, жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын жеке және кәсіптік қызметтегі жетістіктерді ескере отырып, өз білімін қалыптастыру мүмкіндігін көрсететін болашаққа нақты бағдар беруді көздейді.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• Өртке қарсы, өнеркәсіптік, экологиялық, химиялық, радиациялық, биологиялық және басқа да қауіпсіздік түрлеріне арналған жобаларды, бағдарламаларды, техникалық шешімдерді және қызметті әзірлеу, енгізу;
• Қоршаған ортаны және оның құрамдас бөліктерін (әуе бассейні, су, жер, биотикалық және басқа да қорлар) адамның әсерінен қорғау;
• Өмірді қорғау, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайларда қорғау саласындағы проблемаларды шешуге байланысты ғылыми-зерттеу, эксперименталдық және басқа қызметті жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді.
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығы бойынша студенттер келесі компанияларда қызмет атқара алады:
— жоғары және кәсіптік білім беру мекемелері
— отандық және шетелдік ірі мұнай және газ компаниялары
— ғылыми зерттеу институттары
— ғылыми-өндірістік орталықтар
— мұнай-газ тасымалдау және сақтау компаниялары
— мемлекеттік мекемелер және т.б.

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5B073100
Академиялық дәрежесі:
Техника және технология бакалавры
Таңдау пәні: Физика
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
346 600 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Электротехника
Профильдік пәні:
Материалтану негіздері
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Бұл мамандықты таңдау себебім өндірісте болып жатқан келеңсіз оқиғаларды алдын алып, адам өміріне туып жатқан қауіп көзін мейлінше азайтып, жұмысшыларға қауіпсіз ортада жұмыс жасауына жағдай тудыру



Ізім Әмірғали

Университеттегі академиялық ұтқырлық негізінде Болгария Республикасы (Бургас қ.) «Профессор доктор Асен Златаров» университетінде жарты жылдық білім алдым. Кешенді теориялық білім мен тәжірибелік дағды негізінде «ATAMEKEN STARTUP WEEKEND AKTAU» ғылыми жобалар конкурсына «Шыны пластиктің тұрмыстық қалдықтарын өңдеу» тақырыбына жоба дайындадым

Туркменбай Нұрсұлтан

Сұрағыңыз болса: