Экология

Мамандықтың сипаттамасы:
«Экология» мамандығы бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. Экология мамандығы кез келген саладағы компанияларда және ұйымдарда қоршаған ортаның сапасын бақылау және қадағалау бойынша жұмыс жасайды.
Ғылыми-зерттеу қызметін құрайтындар: ғылыми зерттеулердің жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын жасау; эксперименттердің әдістемесін құрастырып, жүргізілуін ұйымдастыру; зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтау, өңдеу, талдау және жүйелеу; орындалған зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық есептерді, шолуларды, басылымдарды дайындау. Атаулы мамандық түлегі интеллектуалды меншік нысандарын бекітіп, қорғауды жүргізуге, патенттік зерттеулерді жүргізуге, қабылданған техникалық шешімдерді негіздей отырып жобаланған нысандардың жұмыс істеу ұстанымдары мен құрылысына сипаттама беруге, жобаның инновациялық әлеуетін, инновациялық тәуекелдерді бағалауға қабілеттік.
Қазіргі заманғы ғылыми-практикалық мәселелерді шешуге және жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу, басқару және педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті мамандарды даярлау.
Оқудың артықшылығы:
Оқу процесін жүзеге асыру үшін кафедраның мамандандырылған зертханалар мен аудиториялардан тұратын материалды базасы бар.
Академиялық ұтқырлық:
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуды жүзеге асыру аясында «Экология» мамандығы бойынша серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігі бар
Сыртқы академиялық ұтқырлық ҚР Білім және ғылым министрлігінің республика бюджетінен өтелетін, сонымен қатар білім алушылардың өз қаражаты есебінен төленетін бағдарлама бойынша ұйымдастырылады.
Мамандық аясындағы докторанттардың мүмкіндіктері:
Үш жылдық оқу үдерісінде докторанттар шетелдік тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Докторанттар оқу барысында жетекші университеттерде: Ресей Федерациясы, Қытай және басқа елдерде шетелдік тәжірибеден өтеді.
Докторанттарды дайындау процесінде: жетекші шетел ғалымдарын консультация үшін тарту, сондай-ақ танылған халықаралық ғылыми орталықтарда шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуді, нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланымдарды жариялау міндетті болып табылады.
«Экология» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
«Экология» оқу бағдарламасының түпкілікті мақсаты – білім беру бағдарламасына дайындық бағыттары, жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын жеке және кәсіптік қызметтегі жетістіктерді ескере отырып, өз білімін қалыптастыру мүмкіндігін көрсететін болашаққа нақты бағдар беруді көздейді.
Докторанттар бітіргеннен кейін:
• теориялық және эксперименталды ғылыми зерттеулер жүргізу;
• ғылыми зерттеулердегі теориялық және қолданбалы мәселелерді қалыптастыруға және шешуге;
• тұлғааралық қарым-қатынас және адам ресурстарын басқару мәселелері бойынша;
• мамандарды жоғары оқу орындарында оқыту мәселелері бойынша;
• ғылыми жобалар мен зерттеулерді сараптауға;
• тұрақты кәсіби өсуді қамтамасыз етуде
Доктор (PhD) келесі компанияларда қызмет атқара алады:
— жоғары және кәсіптік білім беру мекемелері
— отандық және шетелдік ірі мұнай және газ компаниялары
— ғылыми зерттеу институттары
— ғылыми-өндірістік орталықтар
— мұнай-газ тасымалдау және сақтау компаниялары
— мемлекеттік мекемелер және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6D060800
Академиялық дәрежесі: Экология мамандығы бойынша (PhD) философия докторы
Оқу түрі және мерзімі:
Ғылыми-педагогикалық бағыт: 3 жыл
Бейіндік: 3 жыл

Университетте алған білім негізінде еңбек жолым басталды. Қасырғы таңда оқытушылық қызмет жасаймын. Еңбек жолы барысында ғылыми жобаларға қатысып, үлкен жетістіктерге жеттім

Койбакова Сымбат

Тәжірибе барысында жинақталған кешенді білім негізінде ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарымен айналысып, нәтижесінде көптеген жетістіктерге қолжеткіздім

Сырлыбекқызы Самал

Сұрағыңыз болса: