Экология

Мамандықтың сипаттамасы:
Ғылыми және педагогикалық магистратура тереңдетілген ғылыми және педагогикалық дайындыққа ие жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми-зерттеу секторы үшін кадрлар даярлаудың білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Эколог – қоршаған ортада болып жатқан және болуы мүмкін зияндарды азайту бойынша шараларды жүргізіп, оларға бақылау жасайтын маман.
Тірі табиғат факторларының денсаулығы мен өмірін бақылаусыз және үнемсіз пайдаланудан қорғауды ұйымдастыру. Эколог маман жануарлар мен өсімдіктер әлемі, су, ауа, топырақ жамылғысының жағдайын; қоршаған ортаның және азық -түліктің адам денсаулығына ықпалын, экологиялық қауіптің потенциальды және қазіргі көздерін анықтайды; олардың масштабын, сипаттамасын, шынайы және болжамды зиянын анықтайды. Табиғат қорғау бойынша шаралар кешенін ұйымдастырады және сараптама жүргізеді.
Оқудың артықшылығы:
Оқу процесін жүзеге асыру үшін кафедраның мамандандырылған зертханалар мен аудиториялардан туратын материалды базасы бар.
Академиялық ұтқырлық:
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуды жүзеге асыру аясында «Экология» мамандығы бойынша серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігі бар
Сыртқы академиялық ұтқырлық ҚР Білім және ғылым министрлігінің республика бюджетінен өтелетін, сонымен қатар білім алушылардың өз қаражаты есебінен төленетін бағдарлама бойынша ұйымдастырылады.
Мамандық аясындағы магистранттардың мүмкіндіктері:
Ш.Е.Есенов атындағы КМТИУ бейіндік, ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистранттарды республикалық бюджет қаржысы, жоо-ның бюджеттен тыс қаржысы, ұлттық компаниялардың, әлеуметтік серіктестіктердің, халықаралық қорлардың гранттары және білім алушылардың жеке қаржылары есебінен қазақстандық жетекші ЖОО-ларда және шетелдің білім беру немесе ғылыми мекемелерінде академиялық ұтқырлық шеңберіндегі оқытудан өткізуге жібереді
«Экология» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Болашақ жаратылыс магистрінің маманданған құзыреттілігі жұмыс берушілер мен қоршаған ортаны қорғау саласының талаптарына сай болуы қажет.
Магистранттар бітіргеннен кейін:
• кәсіби және ғылыми мәселелерді шешу мақсатында ана тілінде және шет тілінде ауызша және жазбаша коммуникация жүргізуге қабілетті.
• қоршаған ортаны қорғау саласындағы қазіргі заңнамалар мен ғаламдық экологиялық ақпараттарды талдауға қабілетті
• қоршаған ортаны зерттеу және шығармашылық ізденістерде креативті шешімдерді шығаруға қабілетті
• қабиғи қорларды тиімді пайдалану, қолданбалы экология мен экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шеше білуге қабілетті
• ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай білу, ойлау, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде тұжырымдамалар жасайды;
• заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, ғылыми бағытта және кәсіби салада қолданады
• топта жұмыс істеуге қабілетті,жаңа шешімдер ұсына біледі, өз қорытындыларын және олардың негіздемесін мамандарға және маман еместерге жеткізе алады, қақтығыстарды шешеді.
Магистрлер келесі компанияларда қызмет атқара алады:
— жоғары және кәсіптік білім беру мекемелері
— отандық және шетелдік ірі мұнай және газ компаниялары
— ғылыми зерттеу институттары
— ғылыми-өндірістік орталықтар
— мұнай-газ тасымалдау және сақтау компаниялары
— мемлекеттік мекемелер және т.б.

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6М060800
Академиялық дәрежесі:
Профильдік бағыт бойынша: Жаратылыстану магистрі
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша: Жаратылыстану магистрі
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу ақысы:
396 600 теңге / 1 оқу жылына

Университетте алған білімдер негізінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, инновациялық жоба ұсынып Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Ә.Н.Назарбаеваның «Жандану»форумында Білім Министрінің алғыс хатының иегері болдым, «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен Республикалық жастардың «NURINTECH» инновациялық жобалар байқауына қатысып, 2016 жылғы облыстық байқауда «Жас ғалым»номинациясы жеңімпаз атандым

Оразова Лаура

Университет қабырғасында жоғары деңгейде білім алу арқасында өз мамандығым бойынша мемлекеттік мекемеде тәжирибе жинап, қасырғы таңда шетелдік ірі мұнай және газ компаниясында қоршаған ортаны қорғау инженері болып жұмыс жасаудамын





Акимова Лаура

Сұрағыңыз болса: