Экономика

Мамандықтың сипаттамасы:
«Экономика» мамандығы бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. «Экономика» мамандығы экономика саласында интеллектуалды жағынан дамыған, жан-жақты білімді мамандарды даярлайды.
Экономист – заманауи ақпараттық ағымдарға бағыттала білетін, әлемдік экономикадағы өзгермелі құбылыстар мен процестерге дағдылана білетін, анықсыздық және тәуекел шарттарында экономикалық және ұйымдық сипаттағы нақты шешімдерді қабылдай білетін маман.
Оқудың артықшылығы:
«Экономика» мамандығының оқу бағдарламасы университет қабырғасында келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
• Экономист-аналитик;
• Экономист-кәсіпкер;
• Халықаралық экономист.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Экономика» мамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Экономикс» студенттік үйірмесі жұмыс жасайды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңіпаз студенттердің санын арттыруына әкелді.
«Экономика» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Экономика (бакалавриат) мамандығы бойынша Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің түлегі экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы міндеттерді шешумен және ұйымдастырушылық сипаттаманы, ақпараттарды өндеу, сыртқы саланың динамикалық шартындағы шешім қабылдауды игереді, теориялық білімдерді және жағдайлық басқарудың практикалық машықтарын, компьютерлік технологияларды қабылдау машықтарымен, ақпараттарды әзірлеу және сақтауды меңгереді, тәжірибелік тапсырмаларды және стандарттық емес жағдайлардағы проблемаларды шешу үшін жеткілікті теориялық дайындықтары болады. Түлек коммерциялық, қаржылық, әкімшілік және басқа басқарушылық функциялар шеңберіндегі тәжірибелік тапсырмаларды сапалы орындауға, белсенді шығармашылық кәсіби және әлеуметтік қызметке дайын болады.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• кең ойлау қабілеті және ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылыми пәндер саласында (әлеуметтік, гуманитарлы, экономикалық) базалық білімге ие болады;
• заманауи техникамен жұмыс жасай біледі, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдана біледі;
• экономикалық білім негіздерін игереді, менеджмент, маркетинг, қаржы т.б. түсініктеріне ие болады;
• экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикада мемлекеттік сектордың ролін түсінеді және біледі;
• заманауи ақпараттық ағымдарға бағыттала біледі және әлемдік экономикадағы өзгермелі құбылыстар мен процестерге дағдылана біледі;
• анықсыздық және тәуекел шарттарында экономикалық және ұйымдық сипаттағы шешімдерді қабылдай біледі;
• шаруашылық субъектілердің қызметін бейнелейтін әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, оларды есептеу әдістерін құрады және негіздейді;
• экономикалық есептеулерді жүргізу үшін ақпаратты іздейді, талдайды, бағалайды;
• анықсыздық факторын есепке ала отырып, жобалардың тиімділігін бағалауды өткізеді;
• оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар құрайды және негіздейді;
• кәсіпорын қызметінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасын болжайды;
• магистратурада оқуды жалғастыру үшін және күнделікті кәсіби қызметте қажетті жаңа білім, дағдыларға ие болады.
Экономист келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– ұлттық корпорациялар мен компаниялар («САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ, «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК);
– акционерлік қоғамдар («ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ, «ҚАЗПОЧТА» АҚ);
– жауапкершілігі шектеулі серіктестер («OIL CONSTRUCTION COMPANY» ЖШС, «МҰНАЙГАЗҚҰРЫЛЫС» ЖШС, «БҰРҒЫЛАУ» ЖШС);
– мұнайгазөндіру компаниялары («МАНҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ, «ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» АҚ, «ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ);
– экономика және қаржыны басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер);
– саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.

Қысқа мәлімет

Мамандың шифры: 5B050600
Академиялық дәрежесі:
Экономика және бизнес бакалавры
Таңдау пәні: География
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
350 000 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Қаржы және несие
Профильдік пәні:
Экономиканы ұйымдастыру
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

2015 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Экономика мамандығының 1 курс студенті атандым. Өз өңірімдегі университетте оқығаныма мақтанамын, білім алуға барлық жағдайлар жасалған және көптеген жағдайлар әліде жасалуда

Әділханова Тілекші

Университет қабырғасында терең білім алғаным үшін дәріс берген ұстаздарыма, сондай-ақ университет тарапынан маған берілген мүмкіндіктер мен көрсетілген қолдауға, мені академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелге (Болгария) 1 семестрлік оқу-тәжірибе алмасуға жіберген университетке алғысым шексіз

Сарбаева Асия

Сұрағыңыз болса: