Экология

Мамандықтың сипаттамасы:
«Экология» мамандығы бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. Экология мамандығы кез-келген саладағы компанияларда және ұйымдарда қоршаған ортаның сапасын бақылау және қадағалау бойынша жұмыс жасайды.
Эколог – қоршаған ортада болып жатқан және болуы мүмкін зияндарды азайту бойынша шараларды жүргізіп, оларға бақылау жасайтын маман.
Тірі табиғат факторларының денсаулығы мен өмірін бақылаусыз және үнемсіз пайдаланудан қорғауды ұйымдастыру. Эколог маман жануарлар мен өсімдіктер әлемі, су, ауа, топырақ жамылғысының жағдайын; қоршаған ортаның және азық -түліктің адам денсаулығына ықпалын , экологиялық қауіптің потенциальды және қазіргі көздерін анықтайды; олардың масштабын, сипаттамасын, шынайы және болжамды зиянын анықтайды. Табиғатты қорғау бойынша шаралар кешенін ұйымдастырады және сараптама жасайды.
Оқудың артықшылығы:
Оқу процесін жүзеге асыру үшін кафедраның мамандандырылған зертханалар мен аудиториялардан тұратын материалды базасы бар.
Академиялық ұтқырлық:
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуды жүзеге асыру аясында «Экология» мамандығы бойынша серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігі бар.
Сыртқы академиялық ұтқырлық ҚР Білім және ғылым министрлігінің республика бюджетінен өтелетін, сонымен қатар білім алушылардың өз қаражаты есебінен төленетін бағдарлама бойынша ұйымдастырылады.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Экология» мамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Жас эколог» студенттік үйірме жұмыс жүргізеді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңімпаз студенттердің санын арттыруына мүмкіндік берді. «Экология» мамандығының студенттері Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ жыл сайынғы өткізетін республикалық пәндік олимпиадалардан жүлделі орындар иеленді.
«Экология» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
«Экология» оқу бағдарламасының түпкілікті мақсаты – білім беру бағдарламасына дайындық бағыттары, жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын жеке және кәсіптік қызметтегі жетістіктерді ескере отырып, өз білімін қалыптастыру мүмкіндігін көрсететін болашаққа нақты бағдар беруді көздейді.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай білу, ойлау, өзінің көзқарасын дәлелдей алу және жаңа шешімдер ұсыну;
• топта жұмыс істеуге қабілетті, жаңа шешімдер ұсына біледі, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;
• қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу.
• өзінің көзқарасын дәлелдей алуы және жаңа шешімдер ұсыну;
• кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылуға қабілетті;
• ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерін жүйелі, сауатты, дәлелді және нақты қолдана алу қабілеттеріне ие болады.
Экологтар келесі компанияларда қызмет атқара алады:
— жоғары және кәсіптік білім беру мекемелері
— отандық және шетелдік ірі мұнай және газ компаниялары
— ғылыми зерттеу институттары
— ғылыми-өндірістік орталықтар
— мұнай-газ тасымалдау және сақтау компаниялары
— мемлекеттік мекемелер және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5В060800
Академиялық дәрежесі:
Жаратылыстану бакалавры
Таңдау пәні: Биология
Профильдік пәні: География
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
342 900 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Химия
Профильдік пәні:
Биология
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Университет қабырғасында жоғары деңгейде білім алу арқасында бірнеше жетістіктерге жеттім, атап айтқанда факультет деңдейінде өткізілген «Маңғыстау өлкесінің тарихын таныстыру» атты сайысында ІІ орын, тілдер мерекесіне арналған «Тілдер апталығы» аясында өткен эсселер байқауынан 1 орын, факультет студенттер арасында ұйымдастырылған «Үштілділік – заман талабы» зияткерлік сайысында 1 орынға ие болдым. «ECO manqystau» және «KOLDAU-kz» орталықтары ұйымдастырған «Маңғыстау облыстық табиғатты пайдаланушы кәсіпорындары үшін арналған биологиялық алуантүрлілікті сақтау бойынша экологиялық семинарға» қатысып сертификат алдым

Сарсенбаева Анеля

Университет қабырғасында жоғары деңгейде білім алу арқасында өз мамандығым бойынша мемлекеттік мекемеде тәжірибе жинап, кәзіргі таңда шетелдік ірі мұнай және газ компаниясында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша бас инженері болып қызмет атқарудамын








Оспанов Еркебулан

Сұрағыңыз болса: