Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Мамандықтың сипаттамасы:
«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»мамандығы қазіргі таңда еңбек нарығында аса қажетті мамандықтардың қатарына жатады. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»мамандығы органикалық заттардың технологиясын, мұнай, газ, көмірсутек шикізатын өңдеудің технологиясын облыстық ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында өндірістік тәжірибе өту арқылы, арнайы пәндер ретінде осы кәсіпорындардың негізгі технологияларын оқыту арқылы білім береді. Осы мамандықты оқудың нәтижесінде органикалық заттарды өндірудің жаңа химиялық технологияларын дайындау және конструкциялау; органикалық синтез және мұнай өндеу кәсіпорындарының технологиялық жүйелерін эксплуатациялау; еңбекті сақтау шараларын қамтамасыз ету;
техникалық құжаттарды жүргізуді шеше білуге мүмкіндік береді.
Оқудың артықшылығы:
Оқу процесін жүзеге асыру үшін кафедраның мамандандырылған зертханалар мен аудиториялардан туратын материалды базасы бар.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында студенттермен білікті профессор оқытушылар құрамы ғылыми-жұмыстармен шұғылданады.
Оқу бітірушілер әрі қарай оқуды магистратурада жалғастыра алады.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• органикалық заттар мен материалдарды өндіру кезінде қолданылатын шикізаттар мен материалдарға ішкі бақылау жүргізу және оны ұйымдастыруды;
• шығындағы шикізаттар мен аралық өнімдердің құрамы мен сапасын бағалау; жабдықтау, шикізат, қосымша материалдарды тиімді қолданылуын қамтамасыз ету және бақылау; органикалық заттар мен материалдар, мұнай, газ, көмір, полимер, эластомер, сұйық шикізаттарын өндіру және өңдеу үдерістерін тиімді қызметтермен қамтамасыз ету және ұйымдастыру; мұнай және органикалық заттарға анализ жасауды үйренеді;
• өзінің кәсіптік және әлеуметтік ісінде білімі мен дағдысын қолдана білуге;
• кәсіптік функциясын іске асыруда өз мақсатын шеше білуге;
• әлемнің ғылыми көрінісін тұтас қабылдауын қамтамасыз ететін ең маңызды және тұрақты білімді меңгеруі білім алушылардың өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін қолдана білуі;
• кәсіпорын талаптарына сай жұмысты тиімді жүргізуді ұйымдастыруды және шешуді;
• кәсіпорынға техникалық-экономикалық анализ жасауды;
• ғылыми-техникалық ақпараттарды тиімді іздестіру мен пайдалана білуді үйренеді.
«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығын бітірген түлектер келесі компанияларда қызмет атқара алады:
— ғылыми-зерттеу орталықтары
— ғылыми-зерттеу және жобалау институттары
— ғылыми зерттеу-жобалау институттары
— ғылыми-өндірістік орталықтар
— отандық және шетелдік ірі мұнай және газ өндіру компаниялары
— құрлықта және теңізде мұнай-газ компаниялары зертханаларында
— мұнай-газ тасымалдау және сақтау компаниялары және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандың шифры: 5B072100
Академиялық дәрежесі:
Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының техника және технология бакалавры
Таңдау пәні: Химия
Профильдік пәні: Физика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
346 600 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Химия
Профильдік пәні:
Жалпы химиялық технология
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Университет жанынан құрылған түрлі спорттық, мәдени үйірмелер бар, бұл үйірмелер студенттердің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып отыр. Мен «Жас Өркен» студенттер театр ұйымының актрисасымын. Университетте студенттер түрлі мәдени іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласамыз. Ш.Есенов университеті – болашаққа бастар үлкен жол! Жастардың ертеңі осы университет қабырғасында құрылмақ

Айнұр Қуанова

Университетте білім алу барысында әртүрлі конкустар мен жарыстарға қатыстым, шахматтан турнирден 3 орын алып, мақтау қағазымен, сондай-ақ облыс әкімінен қаржылай сыйлықпен марапатталдым. Зертханалық жұмыстарды өзің жасап, шұғылдануыңа жағдай жасалған, бұл маған өндірістерге тәжірибеге барғанда үлкен көмегін тигізді

Дария Ордабаева

Сұрағыңыз болса: