Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Мамандықтың сипаттамасы:
«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасында мамандардың жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ететін арнайы пәндер мен ғылыми –педагогикалық мазмұндағы пәндерді терең игеру мүмкіндігі көзделген.
Білім беру үдерісінің аяқталуының негізгі критерийі болып магистранттардың білім алуы теориялық курсының қажетті көлемін игеруі, ҚР Үкіметінің 13.05.2016 күнгі № 292 қаулысымен бекітілген ҚР МЖМБС талаптарына сай жұмыс және жеке оқу жоспарларын толықтай орындап үйренуі болып табылады, оған: білім берудің теориялық курсын толық игеруі; ғылыми–педагогикалық және зерттеу тәжірибеден өтуі; Қазақстан Тарихы және мамандық бойынша Мемлекеттік емтихан тапсыруы; магистрлік диссертацияға дайындық және оны қорғау жатады. Дайындық күндізгі оқу бойынша ақылы бөлім арқылы кредиттік технологиямен жүргізіледі.
Оқудың артықшылығы:
Оқу процесін жүзеге асыру үшін кафедраның мамандандырылған зертханалар мен аудиториялардан тұратын материалды базасы бар.
Мамандық аясындағы мүмкіндіктері:
«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының магистратурасын оқу барысында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында арнайы ғылыми зертханада шұғылданады.
АҚ «КазГПЗ», ЖШС «КазНИПИмұнайгаз» химиялық өнеркәсіптерінде тәжірибеден өтеді.
Магистранттар бітіргеннен кейін:
• органикалық заттардың химиялық технологиясы саласы бойынша алған білімдері мен дағдыларын тәжірибе жүзінде қолдана біледі;
• ғылыми мақсаттарда тәжірибелік зерттеулер жүргізуге қажетті жаңа ақпараттарды қолдану үшін өз бетінше ғылыми іздену жұмыстарын жүргізе алады;
• өзінің кәсіби әрекетін ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруға қойылатын қазіргі талаптар тұрғысынан жоспарлай алады;
• озық техникалық тәжірибелерді зерделеп, меңгереді;
• оқытудың интерактивті әдістерін қолдана біледі;
«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»мамандығын бітірген магистранттар келесі компанияларда қызмет атқара алады:
— ғылыми-зерттеу орталықтары
— ғылыми-зерттеу және жобалау институттары
— ғылыми зерттеу-жобалау институттары
— ғылыми-өндірістік орталықтар
— отандық және шетелдік ірі мұнай және газ өндіру компаниялары
—мұнай-газ компаниялары зертханаларында
— өндірістерде

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6М072100
Академиялық дәрежесі:
Профильдік бағыт бойынша: Техника және технология магистрі
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша: Техника және технология ғылымдарының магистрі

Оқу түрі: Күндізгі

Оқу ақысы:

396 600 теңге / 1 оқу жылына

Студенттік өмір – бұл өзіңді жеке тұлға ретінде тану, шыңдалу және жаңа бастамалар бастауға мүмкіншілік алатын шақ. Бүгінгі таңда жұмыс берушілердің арасында сұранысқа ие сапалы білім үшін өз университетіме рахметімді айтамын. Университеттен алған жетістіктерім мени өмір жолында үлкен жетістіктерге жеткізуде. Қазіргі таңда «КазНИПИмұнайгаз» ЖШС ДПСжТН бас инженері қызметіндемін

Айнур Баспаева

Бұл университет соңғы технологиялық құралдармен жабдықталған және де студенттердің білім алып шыңдалуына барлық жағдай жасалған, шетелдік жоғары оқу орындарының студенттерімен академиялық мобилділік бар, сонымен қатар студенттерге әлеуметтік пакет ұсынылады



Асель Сисенбаева

Сұрағыңыз болса: