Биология

Мамандықтың сипаттамасы:
Биология пәнінің мұғалімі- шын мәніндегі қызықты мамандық, себебі ол өскелең ұрпақты Жер планетасындағы тіршілік пен өмірді сүюге, оқушыны қоршаған ортаға өз ықпалының нәтижелерін болжауға үйрете отырып, табиғатқа қамқорлық көзқарасын қалыптастырады, өмірді Жер бетіндегі ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға, сонымен қатар адамның өзінің өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
«Биология» мамандығының артықшылықтары: бұл кең профильді мамандық иелері тірі ағзалардың құрылымдық ерекшеліктері мен өмір сүру заңдылықтарын теориялық және зертханалық тұрғыдан зерттей отырып, қоғамдық тапсырысқа сай биология ғылымының дамуына үлес қосатын, елімізде битехнология мен бионика саласын меңгерген мамандар санын даярлаумен айналысады.
Биология мұғалімі оқушылармен біріге отырып, жан-жақты шығармашылық жұмыстармен айналысады. Тағы бір қызықтысы жаз кезіндегі ұзақ еңбек дамалысында флора мен фаунаны зерттеуге және табиғи материалдан дидактикалық құралдар дайындауға мүмкіндігі бар.
«Биология» мамандығының оқу бағдарламасы бойынша университет қабырғасында студенттер шет тілдерін (ағылшын және латын тілі) еркін меңгереді.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
• Қажетті икемділіктер мен дағдыларды игеру үшін «Биология» мамандығы бойынша қазіргі заман талабына сай құралдармен және қондырғылармен жабдықталған «Адам және жануарлар физиологиясы», «Адам және жануарлар анатомиясы», «Зоология», «Ботаника», «Цитология және Гистология» зертханалары, сондай-ақ соңғы үлгіде жабдықталған оқу аудиториялары жұмыс жасайды.
• Биология мамандығының оқу бағдарламасындағы бірнеше оқу практикалары бойынша еліміздің және өлкеміздің түрлі табиғи-территориялық кешендеріне экскурсиялар мен экспедицияларға жіберіледі.
• Жоғарғы оқу орнын таңдау кезінде талапкерлер үшін ең басты жағдайлардың бірі әскери кафедраның болуы. Әскери кафедрада білім алу жастардың әскери дайындықтан өтуінің басты құралы болып табылады. Әскери кафедрада оқу бұл запастағы әскери офицер қатарына тіркелуге берілген тамаша мүмкіндік.
• Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де жеңіпаз студенттердің санын арттыруына әкелді.
«Биология» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдың ішінде педагогикалық қызметтің қыры мен сырына қанығады, қазіргі таңда биология пәні мұғалімінің алдында тұрған мемлекеттік тапсырыс аясында өзінің теориялық және практикалық білімін жетілдіреді, қазақ, орыс және ағылшын тілінде бірдей жоғары деңгейде білім беру қызметін ұйымдастыруды үйренеді.
«Биология» мамандығы бойынша білім алған бакалавр мынадай кәсіби іс-әрекет түрлерін орындай алады:
• педагог (пән материалын, оны оқыту әдістемесін, сыныптан тыс жұмыстарын, тәрбие үрдістерін, ата-аналармен бірге тілтабу өнерін игерген және т.б.);
• зерттеуші (әдебиетпен жұмыс істеуді білетін, зерттеу жұмысының технологиялық бағдарламасын құрастыратын, тәжірибе мен бақылау жүргізетін, эксперименттік материалға талдау жасайтын және қорытындылайтын, одан тұжырым жасайтын және т.б.);
• басқарушы (жұмысты дұрыс ұйымдастыратын, лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес жұмыстың сапалы орындалуын қамтамасыз ете алатын).
Кәсіби қызмет түрлері:
• білім беру саласына жататын (педагогикалық) әртүрлі білім беру мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледж және т.б.) биология пәнінің мұғалімі;
• ғылыми – зерттеу, кәсіптік бағытындағы пәндер бойынша әртүрлі мекемелерде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындай алу (ботаника, зоология, анатомия, физиология, биохимия, генетика, биотехнология және т.б.) ғылыми қызметкер;
• жобалау, жоба жасау мен конструкторлық орындарда жалпы және арнайы жобалар құрастырушы (көгалдандыру, суландыру, қайта қалпына келтіру, жоспарлау, мысалы агробиостанциялар, жас натуралистер станциялары);
• өнеркәсіптік-басқару іс-әрекеттері әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда (білім беру бөлімдері, әкімшіліктер, биологиялық және химиялық бағыттағы зертханалар және т.с.с) менеджер;
• биологиялық бағыттағы өнеркәсіпте технологиялық ұйымдастыру іс-әрекетінде (санитарлық-эпидемиялық станцияларда, өсімдік пен жануарлар өнімдерін өңдеу өнеркәсібінде және т.с.с);
«Биология» мамандығы бойынша білім бакалавры келесі мекемелерде қызмет атқара алады:
-орта, орта кәсіптік оқу орындары;
-ғылыми-зерттеу ұйымдары;
-басқару саласы.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5В011300
Академиялық дәрежесі: Биология мамандығы бойынша білім бакалавры
Таңдау пәні: Биология
Профильдік пәні: Химия
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
443 300 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Педагогика және психология негіздері
Профильдік пәні:
Биология
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Республикалық форумға қатысып, «Үштаған ауылындағы сор топырақтардың адам денсаулығына зияны туралы» жобаны қорғап 3-орынға ие болдым. Бұл менің білім мен ғылым жолындағы жетістіктеріме үлкен жол ашты



Бастыбаева Жанар

Студенттік Парламенттің Оқу және ғылым бөлімінің жетекшісі. Университеттегі студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің дамуына қосқан үлесім үшін университет ректоры Б.Б.Ахметовтан алғыс хатқа ие болдым. Маңғыстауда Каспий маңы елдерінің I халықаралық жастар форумы аясында «Caspi Leader Camp» лагерінде болып, белсенді қатысқандығым үшін сертификат алдым

Узбекбаева Жадра

Сұрағыңыз болса: