Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Мамандықтың сипаттамасы:
Магистратураның оқу бағдарламасын меңгерген және магистерлік диссертацияны қорғағандарға « Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріледі.
• бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша бейіндік бағыттағы магистратурада терең кәсіптік білім бар жаңа буынның жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлайтын білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды ұйғарады. Бейіндік бағыты бойынша магистратураның білім беру бағдарламасы оқытудың қолданбалы сипатына ие, халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік жұмыстағы оңтайлы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.
• бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша магистратурадағы даярлау ғылыми және педагогикалық бағыты бойынша білім беру бағдарламасы ғылым мен педагогика саласында терең білімге ие жоғары оқу орындары жүйесі мен ғылыми-зерттеу құрылымдарына жоғары оқу орнынан кейінгі маман кадрларды дайындауды көздейді.
Мамандық аясындағы магистранттардың мүмкіндіктері:
Жалпы білім беретін мектептердің бірінші сатысының оқу-тәрбие үдерісінде, ғылыми және әдістемелік еңбекті ұйымдастыра алатын креативті ойлау дағдыларын меңгерген, бәсекеге қабілетті, дүниетанымдық позициясы қалыптасқан, нарық экономикасы жағдайында қойылған талаптарға бейімделе алатын маман даярлау.
Магистранттар бітіргеннен кейін:
• қоғамдық-әлеуметтік ғылымдар негіздерін, осы ғылымдар әдістерін, адамның адаммен, қоғаммен, қоршаған ортамен қарым-қатынасын реттеп отыратын этикалық және құқықтық нормаларды;
• жалпы кәсіби ғылым және білім берудің негізгі бағыттарымен болашағын; педагогикалық ғылымдар құрылымы негізінде жалпы әдіснама және ізгілендіру тәрбиелік жүйесін, тәжірибелік педагогикалық психологиясын;
• салыстырмалы педагогиканы; жастардың жас ерекшелік физиологиясын; ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыруын; педагогика ғылымдарының теориялық және эмперикалық зерттеу әдістерін; зерттеу материалдарын өңдеуді білуі керек;
• ойлау мәдениеті туралы; педагогикалық дигностика туралы; бастауыш мектеп пәндерін оқыту; ғылыми–педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру дағдыларын меңгеру жайында дағдылары қалыптасуы қажет.
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистранттары мына салада қызмет атқара алады:
– жалпы білім беру мектептері
– шағын комплектілі мектептер
– гимназиялар
– лицейлер
– сауықтыру жұмысы
– педагогикалық психология немесе тәрбие қызметін басқару және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6М010200

Академиялық дәрежесі:
Профильдік бағыт бойынша: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесінің магистрі
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша: Педагогика ғылымдарының магистрі

Оқу түрі: Күндізгі

Оқу ақысы:

396 000 тг/ 1 оқу жылына

Мені ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстары қызықтырады, сондықтан қазір магистратурада оқып, бастауыш мектепте оқыту мәселелері жөніндегі теориялық әдебиеттерді зерделеу, мерзімді баспасөз материалдарына талдау жасау және т.с.с. эмпирикалық зерттеулер жүргізудемін.

Отесенова Акнур

Магистратура дәрежесін иелену – заман талабы. Бұл өзін-өзі жетілдірудің және кәсіби қызметті шыңдаудың бірден-бір жолы болып табылады. Университет оқытушыларының білім беру сапасына көңілім толғандықтан, мен осыған дейін білім нәрін алған өз университетімнің қабырғасына қайта оралдым.

Макарова Венера

Сұрағыңыз болса: