Ақпараттық жүйелер

Мамандықтың сипаттамасы:
«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. «Ақпараттық жүйелер» мамандығы кез келген саладағы компанияларды және ұйымдарды IT, ақпараттық жүйелерді құру және олармен жұмыс жасау бойынша білім береді.
«Ақпараттық жүйелер» – бұл ақпараттық жүйелердің жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға қабілетті маман. Бірақ оның қолданылу саласы және білімі әртүрлі болуы мүмкін: қаржы, туризм, спорт, көлік, құрылыс, IT және тағы басқалар. Өндірісті ұйымдастыру, қаржылық жоспарлау саласындағы ілгерілі білім, психологиялық басқару аспектілері, компаниялар ақпараттық технологияларды дамыту бойынша мәселелерді кешенді және кезекті шеше білу жемісті мансапқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Кафедра Қазақстанның барлық облыстары үшін ақпараттық технология саласында өндірістік-техникалық, ұйымдастыру-басқарушы, ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін мамандар дайындайды.
Сабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңілпаз студенттердің санын арттыруына әкеледі. «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері Алматы қаласында аль-Фараби атындағы ҚазҰУ жыл сайынғы өткізетін республикалық пәндік олимпиадаларының және студенттер арасындағы «Бағдарламалау» әлемдік олимпиадаларының шешуші турларынан өтіп, жүлделі орындарды иеленді.
«Ақпараттық жүйелер» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдың ішінде ең бастысы – әр саладағы ақпараттық жүйелерді құру және олармен жұмысты тиімді білуді, оның құру технологиясын түсіну, ақпараттық жүйемен жұмысты, ақпараттарды қорғау тәсілдерін ұғынуды үйренеді.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• тиімді қарым қатынас жасай білу негіздерін, мәліметтер қорын басқару технологиясын, жобаларды басқару, ақпараттық жүйелерді құру және Web-технологиямен жұмыс жасай біледі;
• басқару жүйесін ұйымдастыру, оны тиімді басқара біледі;
• мәліметтер қорын құру жұмыстарды ұйымдастырады және сервер мен ресурстарды басқара біледі;
• ақпараттық жүйелерді басқару жұмысына байланысты шешімдер қабылдай біледі;
• ақпараттық жүйелердің мақсаты мен міндеттерін оның тиімділігін анықтай біледі, компанияның мәліметтер қорының негізгі бағыттарын жоспарлай біледі;
• сондай-ақ ақпараттық қорғау жұмыстарын жасайды және оны бақылап, жүзеге асыра біледі;
• тұтынушылармен келіссөздер жасай біледі.
Біздің бітіруші түлектер келесі компанияларда бағдарламашы, жүйелік әкімші, компьютерге қызмет көрсету технигі және желі жөндеушісі болып жұмыс жасай алады:
– өндірістік-технологиялық бағыты – программист
– ұйымдастыру-басқармалық бағыты – компьютерлендіру менеджері
– ғылыми-зерттеу саласында ғылыми қызметкер
– мемлекеттік мекемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.
– басқару мекемелері, банктер, бизнес құрылымдары, мәліметтер қорын жобалаушы.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5В070300
Академиялық дәрежесі: Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техника және технология бакалавры
Таңдау пәні: Физика
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
346 600 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Математика
Профильдік пәні:
Алгоритмдеу негіздері
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Қазақстан-Британ жоғарғы оқу орындары арасында «Бағдарламалаудан» өткен «Халықаралық студенттік» олимпиада жүлдегері болу – ол менің университетімнен алып жатырған білімімнің терең шыңы деп білемін.

Айтбаев Наурызбек

Университеттің қоғамдық жұмысына белсене ат салыса жүріп, миллиондаған адамның назарын өзіне аударған ірі оқиға болып саналатын «ЭКСПО-2017»Халықаралық көрмесінде ерікті болып қызмет көрсетіп келдім және осы тәжірибем студенттік өмір кезінде де, болашақ маман болған кезде де үлкен көмегін тигізеді деген сенімдемін.

Жауханова Ляззат

Сұрағыңыз болса: