Электр энергетика

Мамандықтың сипаттамасы:
Электр энергетикасы — электр энергиясын өндіру, беру және таратуды қамтитын энергетика салаларының бірі. Электр энергетикасы энергетиканың маңызды саласы болып табылады. Бұл электр энергиясының басқа энергия түрлерімен салыстырғандағы үлкен қашықтыққа беру жеңілдігімен түсіндіріледі. Энергетика кәсібінің еңбек нарығында қажеттілігі өте жоғары.
Энергетик – бұл энергетикалық және жылулық қамтамасыз ету жүйелерінің өндіру, әзірлеу, сонымен қатар пайдалану функцияларын жүзеге асыратын маман болып табылады. Электр энергетика мамандығының өкілдерінің жұмыстары өте жауапты, себебі тек қана олар кәсіпорынға энергия үнемдеу жүйелерін жаңарту немесе техникалық қайта жабдықтау жүргізу қажеттілігін шешеді.
Инженер-энергетик өзі сызбаларды сызып, энергетикалық жүйелерді орнатып, электр жабдықтарды баптайды және іске қосады, сонымен қатар жылу, электр және тағы басқа энергия шығындарының нормаларын әзірлеу жұмыстарына қатысады. Электр жабдықтарын жөндеу және пайдалану кезінде электр энергетика саласының маманы өз жұмысында жаңартылған, заманауи және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданады.
Энергетика кәсібінің ерекшелігі – бұл сала мамандарының орындай алатын функциялары едәуір көп және әр түрлі. Сол себептен мамандарға жүктелетін міндеттер түрі олар еңбек ететін ұйымдар немесе кәсіпорындарға тікелей тәуелді болып табылады.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
Кәсiби қызмет саласы электр энергиясын өндiру, беру, тарату және тұтыну үшiн шарттарды жасауға бағытталған адами қызметтiң тәсiлдері мен әдiстерiнің, технологияларының, құрал-жабдықтарының жиынтығын қосатын ғылым және техника саласы болып табылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын арттыру нәтижесі келесідей:

  • жоғары оқу орындары арасындағы пәндік олимпиадалар мен мамандығы бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
  • республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысу;
  • республикалық үздік студенттік жұмыс конкурстарына қатысу;
  • баяндамалар, жобалар және әр түрлі деңгейдегі ҒТК-ға қатысу ;
  • курстық және дипломдық жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу;
  • ғылыми мақалалар мен тезистер дайындау және жариялау;
  • студенттік ғылыми үйірмелер жұмысы.

«Электр энергетика» мамандығының студенттері ғылыми жетекшілер жетекшілігімен алдыңғы қатарлы университеттерге жобаларын қорғап, жүлделі орын алды. Өндірістік мекемелер және басқа да ұйымдардың грант бөлу конкурстарына белсене қатысып, грант иегері атанған білімалушылар саны аз емес.
Электр энергетика мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
– Қазақстан Республикасының заңнамасын және құқықтық жүйе негіздері; кәсіби қызметі саласындағы құқықтық, адамгершілік-этикалық нормаларын біледі;
– қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз ету, электр энергетиканың компьютерлік технологиялардың заманауи және перспективті дамуы жөнінде хабардар;
– жасалатын және қолданылатын электр энергетика құралдарының техникалық сипаттамалары мен құрылымдық ерекшеліктері, жұмыс істеу принциптерін біледі;
– электр энергетикасы саласында теориялық және эксперименттік зерттеулерді жүргізу әдістерін біледі;
– электротехникалық қондырғыларды жобалау, монтаждау және пайдалану негіздерін біледі;
– энергетикалық қондырғылар мен жүйелерді пайдалану, монтаждау, жобалау ережелері мен нормаларын ажыратады;
– электр энергетикалық жүйелер мен қондырғыларды пайдалану, өндіру кезіндегі қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларын біледі;
– кәсіпорын және электр энергетика құрылғыларын ұйымдастыру, жобалау принциптерін әзірлей алады;
– электр энергетика жүйелерін жобалаудағы автоматтандыру және модельдеу, есептеулер үшін қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана алады;
– оқылатын техникалық объектілерді пайдалана алады;
– жобаланатын құрылғылар мен жүйелерге қойылатын негізгі техникалық-экономикалық талаптарды тұжырымдай алады;
– электр энергетикалық жүйелер мен жекелеген құрылғылардың заманауи элементтік базасында жобалау және әзірлей алады;
– электрондық және компьютерлік жүйелер мен желілер жұмыс жасай алады;
– таңдау компоненті бойынша оқытылған пәндерге байланысты келесідей пайдалану саласында жұмыс жасай алады: электр станциялары мен қосалқы станциялар, электр жүйелері мен желілері, релелік қорғау және электр энергетикалық жүйелерін автоматтандыру, электрмен жабдықтау, кәсіпорындардың әртүрлі өнеркәсіп салаларын, электрлендіру және ауыл шаруашылығы өндірісін автоматтандыру, дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері, электр оқшаулағыш және кабельдік техника, электр технологиялық қондырғылар және жүйелер, жарық техникасы жəне жарық көздері,технологиялық кешендерді автоматтандыру және электржетек.

Энергетиктер келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– «МАЭК-Казатомпром» ЖШС
– «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ
– «КазАзот» АҚ
– «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК Және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5В071800
Академиялық дәрежесі: Электр энергетика мамандығы бойынша техника және технология бакалавры
Таңдау пәні: Физика
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
346 600 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Физика
Профильдік пәні:
Электротехника және электр жабдықтау
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Жас жалын студенттік кездерімізде мен білім алған ордамның өте мықты, өте жетік білім ордасы екеніне көзім жетті. Себебі университет аясынан маман болып шыққан шағым «Caspian Engineering & Research» ЖШС инженер болып қызмет етуге улкен бір жол ашты

Жантлеуов Мереке

Университет маңында білім алған шақтарыма қуанамын. Себебі Электроэнергетика саласында қызмет ету қиын істердің бірі. Қазіргі таңда жетік білімімнің арқасында «Caspian Engineering & Research» ЖШС инженер болып қызмет етудемін

Юнусов Ануар

Сұрағыңыз болса: