Қазақ тілі мен әдебиеті

Мамандықтың сипаттамасы:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы педагогика ғылымдарының магистрін даярлауда бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бейінді, ғылыми-педагогикалық баытта бәсекеге лайықты, жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, терең білімді, іскерлік дағдысы қалыптасқан мамандар даярлауда ғылыми әлеуеті өте жоғары кафедра ұжымы еселі еңбек етіп келеді.
Педагогика ғылымдарының магистрі– ол білім беру, ұйымдастыру, басқару, әлеуметтік – педагогикалық, оқу – тәрбиелік, оқу – технологиялық салалардағы мәселелерді шешуге қабілетті қазіргі заманғы білімдер мен кәсіби дағдылардың айтарлықтай көлеміне ие жоғары білікті маман.
Сонымен қоса оның қолданылу саласы және білімі әртүрлі болуы мүмкін: білім беру, ғылыми-зерттеу, әдеби-шығармашылық, ұйымдастыру-басқару, әдеби кеңесші, өндірістік-басқарушылық тағы басқалар. Білім беру, ұйымдастыру, басқару, әлеуметтік – педагогикалық, оқу – тәрбиелік, оқу – технологиялық салалардағы мәселелерді шешуге қабілетті маманның белгілі бір мансапқа қол жеткізуіне жағдай жасайды.
Мамандықтың ерекшелігі: «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі кәсіби қызметі аясына нарық талабы есебімен ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, жоғары оқу орындары, колледждер, лицейлер, мемлекеттік басқару органдары, әдеби, мәдени мекемелер жатады.
Мамандық аясындағы магистранттардың мүмкіндіктері:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында білім алатын магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстары, республикалық, облыстық, қалалық шараларға да белсенділік танытып келеді.
Академиялық ұтқырлық аясында Польшадағы Познань қаласы А.Мицкиевич атындағы Познань университеті «Неофилология» факультеті «Азиятану» кафедрасы, Әзірбайжан республикасы Баку мемлекеттік университетінің «Түркі тілдері», «Әзірбайжан тілі мен әдебиеті» кафедралары, М.Ақмолда атындағы Уфа мемлекеттік педагогикалық университетінің (Башқұртстан) «Башқұрт тілі мен әдебиеті және мәдениеті» кафедрасымен жасалған халықаралық ынтымақтастық жөнінде Келісім шарт негізінде аталған оқу орындарынан профессор-оқытушылар дәрістер оқып, магистранттар ғылыми тағылымдамадан өтті.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы аясында магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми жетекшілері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Магистранттар республикалық, аймақтық, университеттік ғылыми-теориялық, онлайн конференцияларға тұрақты түрде қатынасып, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту және көркем әдебиетті насихаттау, тіл мәдениетін көтеру мақсатында өткізілген әрқилы іс-шараларға әрдайым белсенділікпен, жауапкершілікпен қатысып, облыс, қала әкімшілігі тарапынан алғыс және мақтау қағаздарымен марапатталады.
Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – магистранттардың конференция, конкурстарға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы белсенді магистранттардың санын арттыруға әкелді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірген магистранттардың қабілеттері:
Магистранттар екі жылдың ішінде ең бастысы – қазақ тілі мен әдебиеті саласында толыққанды және сапалы кәсіптік білім алып, интелектуалды, рухани-адамгершілік ұстанымдары қалыптасқан, кәсіби, дүниетанымдық құзіреттілігін және ұйымдастырушылық шеберлігін кәсіби салада қолдануға қабілетті болады. Инновациялық педагогикалық тәжірибені зерделеу мен қолдануға, өз білімін көтеру мен өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтыла біледі.
Дербес креативті қызметке және филология саласындағы жаңа ғылыми жетістіктерді игере алады.
Магистранттар бітіргеннен кейін:
• жалпы білім беретін, техникалық және кәсіптік оқу орындарында, жоғары оқу орындарында білім беруде методикалық білігі мен шеберлігін көрсете алады;
• білім беру үдерісін жоспарлай және жүзеге асыра алады;
• ұжымда ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнын, түрлерін, заңдылықтарын, принциптерін, технологияларын біледі және іске асыра алады;
• гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімдерді қалыптастырып, инновациялық технологияларды қолдануды жүзеге асыра алады;
• ғылыми және ғылыми-зерттеу мекемелерінде салалық пәндер бойынша ғылыми зерттеулер жасай алады;
• білімін үнемі жаңалап, кеңейтіп отыруды қамтамасыз ете отырып, кәсіби біліктілігі мен дағдыларын кеңейтуде құзіретті болады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» магистрлары төмендегідей мекеме, ұйымдарда қызмет атқара алады:
– меншік нысанына және ведомостволық бағыныштылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлері
– ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, жоғары оқу орындары, колледждер, лицейлер, мемлекеттік басқару органдары
– ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер)
– әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында)
– ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде)
– білім беру жүйесіндегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары
– өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде)

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6М011700

Академиялық дәрежесі:
Профильдік бағыт бойынша: Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім магистрі
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша: Педагогика ғылымдарының магистрі

Оқу түрі: Күндізгі

Оқу ақысы:

396 000 тг/ 1 оқу жылына

Гуманитарлық ғылымдағы ізденістер мен жаңалықтар» атты докторанттар мен магистранттардың халықарлық онлайн-конференциясында, «Жас педагог-21» халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарына қатысып, баяндамалар оқып, арнайы сертификаттармен марапатталдым. Профессор Б.И.Нұрдәулетованың жетекшілігімен орындалған бірнеше ғылыми жобаларды орындаушылардың бірімін. Теориялық сабақтарда, өндірістік, зерттеу практикаларында өз ізденімпаздығымды, білімділігімді таныта білдім. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлеймін

Кесікбаева Әсем

Қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып, «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Қараевтың Алғыс хаты, Маңғыстау облысы әкімі А.Айдарбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталдым. «Алтын қалам – 2016» «Экология» номинациясы жеңімпазы, "Жыл адамы - 2016"байқауы бойынша"Жыл журналисі-2016" номинация иегері атандым



Дәден Айгүл

Сұрағыңыз болса: