Қазақстан халқы Ассамблеясы

“Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы (ҚХА) – Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және сараптамалық-талдау қызметін ұйымдастыру, студент жастарды азаматтылық, толеранттылық, қоғамға қызмет ету және жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында құрылған “базалық” Yessenov University факультетінің оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі.

Кафедраның оқу-әдістемелік қызметі жоғары оқу орнының барлық мамандықтарының 1 курс студенттеріне            Философия, «Мәдениеттану», «Қоғамдық келісімнің Қазақстандық үлгісі», «Жастар саясаты» сияқты жалпы білім беретін қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша білім беру және қызмет көрсетуге бағытталған. 1 қыркүйектен бастап «Service learning» инновациялық пәні енгізілді, ол студенттердің қоғамның нақты мәселелерін шешуге қосу арқылы белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға бағытталған және жобалық іс-әрекет дағдыларын меңгеруге, тиімді коммуникацияның психологиялық негіздерін түсінуге, сыни ойлауға бағытталған. Теориялық курстардың мазмұны қамтылған мәселелердің жүйелілігімен, кеңдігімен және пәндік нақтылығымен ерекшеленеді. Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында электронды онлайн технологияларды енгізумен «төңкерілген сынып» инновациялық білім беру моделі қолданылады.

Ғылыми-зерттеу қызметі мемлекеттік органдар үшін тәжірибелік ұсынымдар әзірлеумен Маңғыстау облысындағы этноәлеуметтік ахуалдың даму серпінін (этносаралық және конфессияаралық қатынастар, әлеуметтік-демографиялық даму, көші-қон саясаты) анықтау бойынша ғылыми-талдамалық зерттеулер мен мониторингтерді ұйымдастырумен байланысты. Осы бағытта кафедраның ғылыми және зияткерлік әлеуеті «Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» ММ, «Қоғамдық келісім» РММ сияқты мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Тәрбие жұмысы студент жастарды қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру процесіне белсенді түрде тарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған. Бұл бағыттағы стратегиялық доминант Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» ұлттық санасын жаңғырту және жаңарту идеясы болып табылады. Осы мақсатта «Қазақтану» және «Ұлы Дала Елі киелі мұрасы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасы аясында студент жастар мен Маңғыстау облысының тұрғындары арасында мотивациялық кездесулер; облыстың тарихи-мәдени ескерткіштерін зерттеу және көпшілікке тарату бойынша «Киелі мұра» интерактивті студенттік эстафетасы; Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған жас ғалымдар арасында жыл сайынғы ғылыми жобалар конкурсы және т. б. өткізілуде. Қазіргі уақытта ҚХА кафедрасы студент жастарға заманауи өзекті мәселелерді талқылау, мемлекеттік этносаясат саласындағы жастардың құзыреттілігін қалыптастыру, еріктілік белсенділіктерін қалыптастыру бойынша басты диалог алаңына айналды.

Кафедра жанынан ҚХА-ның мамандандырылған ғылыми-әдістемелік кабинеті, университет кітапханасында ғылыми еңбектер, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы зерттеулер, Маңғыстаудың көпэтникалық құрамының қалыптасу тарихы, облыстың этномәдени бірлестіктерінің өмірі мен қызметі бойынша материалдар негізінде ұйымдастырылған ҚХА депозитарийі бар.

Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары өткізетін "Service learning" пәнін оқимыз.Осы пән арқылы біз сыни ойлауды дамытып, Жобалық іс-әрекет барысында командалық жұмысқа үйрендік.

Раджапов Хамит

Көп университеттердің ішінен таңдап, осы университетке түскеніме өте қуаныштымын. «Базалық» факультет, әсіресе «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушылары өз ісінің білікті мамандары, бізді мектептен кейін университетке бейімделуімізге көмегін аямады.Өткен сабақтары өте қызықты, «Service learning» пәнінен әлеуметтік жобаларды іске асыруға мүмкіндік туып отыр.

Урынбасарова Жансая

Сұрағыңыз болса: