Есеп және аудит

Мамандықтың сипаттамасы:
Есепші–кәсіпорындарда, ұйымдарда, ұйымдық-құқықтық формасына тәуелсіз мекемелерде міндеттемелер мен шаруашылық операцияларды, мүлікті талдау және бухгалтерлік есептің кәсіптік қызметіне дайындалған, маман.
Есепші – сәнге және уақытқа тәуелсіз мамандық. Дебет пен кредитті үйлестіре алуға қабілетті, қызметтің әр түрлі саласына қажет маман. Егер сіз математиканы жақсы меңгерген болсаңыз, барлық жұмыс уақытыңызды есепке арнасаңыз, сабырлы және мұқият болсаңыз, онда күмәніңіз болмасын: есептік жұмыста сіз таптырмайсыз! Мамандықтың танымалдығы соншалықты: бірде бір кәсіпорын — балабақшадан бастап мұнай өндіруші концернді есепшісіз елестетуге болмайды. Кәсіпорында екі жұмысшы болса, міндетті түрде оның бірі – есепші.
Есепші мамандығы — қазіргі таңда қаржы және экономика саласында ең қажетті мамандықтардың бірі. Бухгалтерлік есеп және аудит сферасында бакалаврлардың білім алуы, бухгалтерлік есеп және есептілікке ақпараттарды қалыптастыруда нақты ережелер мен концепцияларды түсінетін, қаржылық есептілікке бухгалтерлік есептің қазіргі дағдыларын енгізе білетін мамандар. Аталған мамандықта оқу үрдісінде студенттер қаржылық, басқарушылық және салықтық есепті ұйымдастыруда ғылыми және тәжірибелік ғылымын толықтырады және қаржылық есептілікті, қаржылық есептіліктің аудиті мен талдауын құра алады.
Қазіргі таңда есепші қызметі өзгеріп және олардың алдына қойылған міндеттемелер кеңейіп отыр. Бухгалтерлік есеп шотын жүзеге асырушы шаруашылық қызметті тіркеуші техникалық жұмысшыдан, бухгалтер шығармашылық тұлғаға айналады, кәсіпорынның экономикасын тиімді басқаруға қажетті есептік саясатын жүзеге асырып, қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Аталған мамандықтардың артықшылықтары:
• Жұмысқа орналасуда кең таңдау;
• Жоғары жалақы, тұрақты жұмыс;
• Жұмыста үлкен жетістіктерге жету мүмкіншілігі.
Оқудың артықшылығы:
«Есеп және аудит» мамандығының оқу бағдарламасы университет қабырғасында екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: нақты сектордағы есеп және аудит, мемлекеттік сектордағы есеп және аудит.
Есеп және аудит облысындағы бакалаврларды жоғары деңгейде дайындау «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасымен жүзеге асырылады. Дәрістік, тәжірибелік және семинар сабақтарын жүргізу әдістері мен формалары әрдайым жаңартылып тұрады. Студенттердің ғылыми жобаларға қатысуға мүмкіндіктері бар: ЖОО өткізілетін семинарлар, конференциялар, сайыстар.
Оқу кезінде біздің студенттер облыстық, қалалық ірі банк филилиалдарында, кәсіпорындарда оқу және өндірістік тәжірибеден өте алады. Жоғары курс студенттері кәсіптік пәндерді оқып болғаннан кейін, САР сертификатын алғаннан кейін кәсіптік есептік-тәжірибешіге емтихан тапсыра алады. Сонымен қатар ЖОО бітіргеннен кейін студент ілімін магистратурада жалғастыруға мүмкіндігі бар.
«Есеп және аудит» мамандығын бітірген кейінгі студенттердің қабілеттері:
Аталған мамандық экономика және бизнес бакалавры кәсіпорындарда шаруашылық процесс ақпараттарын дайындап, жасақтай алады, қаржылық есептілікті құру дағдылары қалыптасқан, талдау жүргізе алады, бухгалтерлік есеп бағдарламаларын енгізуде әр түрлі ақпараттармен қамтылған және қаржылық есептің халықаралық стандарттарымен аудит жүргізе алады.
«Есеп және аудит» мамандығының түлектері есепшілер, қаржы кеңесшілері, қаржы басшылары, аудиторлар, менеджерлер, халықаралық және қазақстандық компанияларда, банктерде, ұлттық компанияларда қаржылық аналитиктер болып жұмыс жасай алады. Қаржылық есептің ережелерін егжей тегжейлі білу жеке бизнесті басқаруға да көмектеседі.
Есепшілер келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– ЖШС «БЕЙКЕР ТИЛЛИ ЕЛТАЛ КАЗАХСТАН»
– ЖШС «Делойт»
– ЖШС «КПМГ АУДИТ»
– ЖШС «Независимая аудиторская компания «Центраудит-Казахстан»
– ЖШС «ПрайсуотерхаусКуперс»
– ЖШС «Эрнст энд Янг»
– АҚ «Мангистаумунайгаз»
– АҚ «Каражанбасмунай»
– Мемлекеттік ұйымдар, кәсіпорындар және т.б.

Қысқа мәлімет

Мамандың шифры: 5B050800
Академиялық дәрежесі:
Экономика және бизнес бакалавры
Таңдау пәні: География
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
350 000 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Қаржы және несие
Профильдік пәні:
Экономиканы ұйымдастыру
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Мен «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студентімін. Мен бұл университетке соның ішінде осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін! Маған кафедраның профессорлық оқытушылық құрамы ұнайды, олардың өз ісінің шеберлігі және студенттерге деген ынта ықлас қатынасы. Студенттердің өмірі қызықты оқиғаға толы – ғылыми жобаларға қатысудан бастап студенттердің ұйымдастыруымен жүргізілетін қайырымдылық акциясына белсенді қатысуға дейін

Каримова Рабиға

Менің білім алып жатқан «Есеп және аудит» мамандығында білікті оқытушылар қызмет атқарады. Олар оқу материалдарымен шектелмей, біздерді жан-жақты білімдерімен сусындатады, оған қоса студенттердің өз ойларын ашық айтуға үйретеді. Оқытушылар бізден тек қана жеке тұлға болып қана қоймай, кәсіби маман болуымызға үлкен үлесін қосуда. WELCOME to our university!


Қуаныш Мөлдір

Сұрағыңыз болса: