Ақпараттық жүйелер

Мамандықтың сипаттамасы:
«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. «Ақпараттық жүйелер» мамандығы кез келген саладағы компанияларды және ұйымдарды IT, ақпараттық жүйелерді құру және олармен жұмыс жасау бойынша білім береді.
«Ақпараттық жүйелер» – бұл ақпараттық жүйелердің жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға қабілетті маман. Бірақ оның қолданылу саласы және білімі әртүрлі болуы мүмкін: қаржы, туризм, спорт, көлік, құрылыс, IT және тағы басқалар. Өндірісті ұйымдастыру, қаржылық жоспарлау саласындағы ілгерілі білім, психологиялық басқару аспектілері, компаниялар ақпараттық технологияларды дамыту бойынша мәселелерді кешенді және кезекті шеше білу жемісті мансапқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Кафедра Қазақстанның барлық облыстары үшін ақпараттық технология саласында өндірістік-техникалық, ұйымдастыру-басқарушы, ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін мамандар дайындайды.
Сабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңіпаз студенттердің санын арттыруына әкелді. «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері Алматы қаласында аль-Фараби атындағы ҚазҰУ жыл сайынғы өткізетін республикалық пәндік олимпиадаларының және студенттер арасындағы «Бағдарламалау» әлемдік олимпиадаларының шешуші турларынан өтіп, жүлделі орындарды иеленді.
«Ақпараттық жүйелер» мамандығының магистрін бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер екі жылдың ішінде ең бастысы – әр саладағы ақпараттық жүйелерді құру және олармен жұмысты тиімді білуді, оның құру технологиясын түсіну, ақпараттық жүйемен жұмысты, ақпараттарды қорғау тәсілдерін ұғынуды үренеді.
Магистранттар бітіргеннен кейін:
• тиімді қарым қатынас жасай білу негіздерін, мәліметтер қорын басқару технологиясын, жобаларды басқару, ақпараттық жүйелерді құру және Web-технологиямен жұмыс жасай біледі;
• басқару жүйесін ұйымдастыру, оны тиімді басқара біледі;
• мәліметтер қорын құру жұмыстарды ұйымдастырады және сервер мен ресурстарды басқара біледі;
• ақпараттық жүйелерді басқару жұмысына байланысты шешімдер қабылдай біледі;
• ақпараттық жүйелердің мақсаты мен міндеттерін оның тиімділігін анықтай біледі, компанияның мәліметтер қорының негізгі бағыттарын жоспарлай біледі;
• сондай-ақ ақпараттық қорғау жұмыстарын жасайды және оны бақылап, жүзеге асыра біледі;
• тұтынушылармен келіссөздер жасай біледі
Біздің бітіруші түлектер келесі компанияларда бағдарламашы, жүйелік әкімші, техника ғылымдарының магистрі және желі жөндеу басқармаларында жұмыс жасайды:
– отандық және шетелдік ірі мұнай компанияларында
– ірі банк мекемелерінде
– ақпарат беру орталықтарында
– халыққа қызмет көрсету орталықтарында
– мемлекеттік мекемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифрі: 6М070300

Академиялық дәрежесі:
Профильдік бағыт бойынша: Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техника және технологиялар магистрі;
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша: Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі

Оқу түрлері: Күндізгі

Төлем ақысы:
396 000 теңге / 1 оқу жылына

Университет қабырғасында оқу мен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрдім. Оқу барысында Астана қаласындағы Елбасы кітапханасымен де таныстым. Осы мамандықты үздікке бітіріп, мемлекеттік грантпен магистратураны жалғастырып жатырмын.

Нұрберген Әбілқайыр

Университет қабырғасында алған үздік теориялық білімім және тәжірибелік дағдыларым менің жұмысымда жетістікке жетуге көмектесті. «Академиялық ұтқырлық» оқу бағдарламасы аясында Астрахань қаласындағы мемлекеттік техникалық университет базасында шетелдік тағылымдамадан өткен болатынмын. Маған осындай мүмкіндік бергені үшін өз оқу ордама ризалығым шексіз.

Байғожаева Гүлжанат

Сұрағыңыз болса: