Менеджмент

Мамандықтың сипаттамасы:
Менеджер – бұл өте қызық және сұранысқа ие мамандық. ХХ- шы ғасырдағы қоғамдық өндірістің тез дамуы менеджменттің ғылым ретінде дамуын ынталандырды
Магистратура – жоғары білімнің бакалавриат деңгейінен кейін тереңдетілген кәсіптік мамандық беретін бағдарлама. Білім алушы магистратурада бұрын алған мамандығын жалғастыра алады немесе басқа жаңа бағытты таңдап, екінші мамандық алады. Магистратураны аяқтаған түлектерге академиялық жоғары дәрежелі дипломы беріледі. Магистратура дипломы докторантурада ғылыми жұмыспен айналысуға немесе алған мамандық бойынша қызмет жолын бастауға мүмкіндік береді. Магистр дәрежесі кәсіби және қызмет жолында үлкен мүмкіндіктер береді. Бакалавр дәрежесімен салыстырғанда жақсы жалақысы бар, тиімді жұмысқа орналасады.
Магистр дәрежесі сізге толыққанды жоғары білім алу мүмкіндігін береді және Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де өзіңізді білікті маман ретінде көрсетуіңізге мүмкіндік береді.
«Менеджмент» магистратурасы сізге сондай керемет мүмкіндік береді, сол мүмкіндікті жіберіп алма, өз армандарың мен мұраттарыңды орында!
Оқудың артықшылығы:
«Менеджмент» магистратура мамандығының оқу бағдарламасы университет қабырғасында екі бағыт бойынша жүргізіледі:
• Бизнес пен салалардағы менеджмент
• Мемлекеттік сектордағы менеджмент
Мамандық аясындағы магистранттардың мүмкіндіктері:
«Менеджмент» мамандығы аясында магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Табысты менеджер» ғылыми үйірме жұмыс жасайды.
Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы жеңіпаз магистранттардың санын арттыруына септігін тигізеді. «Менеджмент» мамандығының магистранттары халықаралық сырттай олимпиадасының жүлделі орындарға иеленді.
Университет өте қызықты ұсыныс жасайды: алыс және жақын шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту, шетел университеттерінен студенттер мен магистранттар алмасу, оқытудың жоғары стандарттары, болашақта кәсіби менеджер, басқарушы, басшы болу мүмкіндігі.
«Менеджмент» мамандығын бітірген магистранттардың қабілеттері:
Магистранттар оқу үдерісінде – мемлекеттік және жеке сектордағы кәсіпорындардың жалпы құрылымын талдауды, сонымен қатар басқарудың принциптерін, әдістері мен кемшіліктерін анықтап, оларды шешу жолдарын табуды үйренеді.
Магистранттар бітіргеннен кейін:
• стратегиялық басқару технологиясын, жобаларды басқаруды біледі;
• топтық жұмыстарды ұйымдастырады және адамдар мен ресурстарды басқара біледі;
• аналитикалық ой-өрісін және шешім қабылдау қабілетін дамыта алады;
• басқарушылық мәселелерді талдау және шығармашылық шешу;
• уақытты басқару және кәсіпкерлік логиканы қалыптастыру;
• компанияны дамытудың негізгі бағыттарын жоспарлай біледі;
• бизнес-жоспарлар жасайды және оны бақылап, жүзеге асыра біледі;
• жедел стратегияны әзірлеу;
• нақты экономикалық саясатын анықтау және талдау біледі .
Менеджерлер келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– мұнайгазөндіру компаниялары
– коммерциялық банктер
– сақтандыру ұйымдар
– әуежайкомпаниялары
– мемлекеттік мекемелер
– корпорациялар
– акционерлік қоғамдар
– жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
– саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.

Қысқа мәлімет

Мамандық шифрі: 6М050700
Академиялық дәрежесі:
Профильдік бағыт бойынша: «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі;
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша: «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.
Оқу түрі: Күндізгі
Төлем ақысы:
396 000 теңге / 1 оқу жылына

Магистратурада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында, өндірістік тәжірибе және ғылыми тағылымдамада өту кезінде алған білімім, менің қызметтік өсуіме және кәсіби деңгейімді арттыруға ықпалын тигізді

Медресинов Аян

«Менеджмент» мамандығында оқып, «Табысты менеджер» үйірмесіне қатысып, ғылымға деген қызығушылығымды оятып, халықаралық олимпиадасына қатысып жүлделі 2 орынды иеленуге мүмкіндік берді

Алиқызы Гүлайым

Сұрағыңыз болса: