Экономика

Мамандықтың сипаттамасы:
Білім беру бағдарламасы бойынша білім алу магистратура түлектеріне болашақта Қазақстан Республикасы үкіметінің кәсіпорындарында, ұйымдарында, мемлекеттік органдарында, барлық деңгейдегі қоғамдық ұйымдарда және құрылымдық бөлімшелерде жұмыс істеу үшін, барлық қажетті білімдер мен дағдыларды игерген жоғары білікті мамандар болып шығуына мүмкіндік береді. Экономика білім беру бағдарламасы бойынша магистрлер – бұл өз сала, кәсіпорын, фирмасының өркендеуін қамтамасыз етуге қабілетті экономика, экономикалық талдау, басқару, маркетинг, қаржылық талдау сияқты салаларда, табысты бәсекелестік жағдайында адамдармен қарым-қатынас жасай білу сияқты құзыреттілікке ие өндірістегі кәсіби экономисттер, мамандар, басшылар, ұйымдастырушылар.
Оқудың артықшылығы:
Экономика мамандығының оқу бағдарламасы университет қабырғасында келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
• Бизнес және кәсіпкерлік экономикасы;
• Қаржылық экономика;
• Кәсіпорынның есептік саясаты.
Мамандық аясындағы магистранттардың мүмкіндіктері:
• әр түрлі пәндер шеңберінде алынған білімдерді әр тараптандыру, оларды жаңа таныс емес шарттарда аналитикалық және басқару міндеттерін шешу үшін қолдана білу;
• кәсіпорынның шаруашылық қызметін микроэкономикалық талдау және оны кәсіпорынды басқаруда қолдана білу;
• тәжірибеде маркетинг және менеджментті ұйымдастыруда жаңа тұрғылар қолдана білу;
• кәсіпорынның (компанияның) шаруашылық қызметін ұйымдастыру және басқару саласында күрделі және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдай білу;
• экономикалық қатынастарды реттеу саласында Қазақстан Республикасының заңдылығының нормаларын тәжірибеде қолдана білу;
• заманауи техника мен технологияны тарта отырып, ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыс өткізу;
• диссертация, мақала, есеп, аналитикалық хат және т.б. түрінде эксперименталды-зерттеу және аналитикалық жұмыстың нәтижелерін жалпылай білу.
Экономика мамандығының бітірушілері келесі негізгі құзыреттілікке ие болуы керек:
Білуі тиіс:
• жаратылыстану ғылымдарының (әлеуметтік, гуманитарлы, экономикалық) өзекті әдістемелік және философиялық мәселелері туралы;
• ғаламдану процесінің қарама-қайшылықтары және әлеуметтік-экономикалық зардаптары туралы;
• әлемдік бизнес-ортаның заманауи экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени жағдайы туралы;
• кәсіпорынды стратегиялық басқаруды ұйымдастыру, инновациялық менеджмент, көшбасшы теориясы туралы;
• кәсіпорындардың қызмет етуінің негізгі қаржылық-шаруашылық мәселелері туралы;
• инвестициялық әріптестік ерекшеліктері мен ережелері туралы;
• ғылыми зерттеулер және тәжірибелік қызметті іске асыру үшін кәсіби деңгейде кемінде бір шет тілін меңгеру.
Дағдысы болуы керек:
• стандартты ғылыми және кәсіби міндеттерді шешу;
• кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық қызметін ұйымдастыру және басқаруды ғылыми талдау және тәжірибелік мәселелерді шешу;
• менеджмент, маркетинг саласында мәселелерді зерттеу және алынған нәтижелерді кәсіпорынды басқару әдістерін жетілдіру үшін қолдану;
• кәсіби араласу, мәдениаралық коммуникация.
Құзыреттілігі болуы керек:
• мамандық бойынша зерттеу әдістемесінің саласында;
• әлемдік экономиканың заманауи мәселелері мен дүниежүзілік шаруашылық процестерге ұлттық экономикалардың қатысу саласында;
• кәсіпорын қызметін басқару және ұйымдастыру саласында;
• білімді тұрақты түрде кеңейту, кәсіби біліктілікті және дағдыларды кеңейту.
Экономика мамандығын бітірушілердің кәсіби қызмет объектілері:
Профильдік бағыт бойынша: мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік-экономикалық, жоспарлы-экономикалық, әлеуметтік-басқару, қаржылық-аналитикалық, сыртқы экономикалық қызметтері;
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша: ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік-экономикалық, жоспарлы-экономикалық, әлеуметтік-басқару, қаржылық-аналитикалық, сыртқы экономикалық қызметтері.
– Ұлттық корпорациялар мен компаниялар («САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ, «КАЗАҚМЫС» ҰК, «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК)
– Акционерлік қоғамдар («ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ, «ҚАЗПОЧТА» АҚ)
– Жауапкершілігі шектеулі серіктестер («OIL CONSTRUCTION COMPANY» ЖШС, «МҰНАЙГАЗҚҰРЫЛЫС» ЖШС, «БҰРҒЫЛАУ» ЖШС)
– Мұнайгазөндіру компаниялары («МАНҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ, «ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» АҚ, «ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ)
– Мемлекеттік мекемелер (әкімшіліктер, министрліктер)
– Саяси және қоғамдық ұйымдар және т.б.

Қысқа мәлімет

Мамандық шифрі: 6М050600

Академиялық дәрежесі:
Профильдік бағыт бойынша: Экономика және бизнес магистрі

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша: Экономика ғылымдарының магистрі

Оқу түрлері: Күндізгі

Төлем ақысы:

396 000 теңге / 1 оқу жылына

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің магистранты ретінде өз ойымды айтар болсам, осы университет қабырғасында оқитындығыма қуанамын. Себебі, күнделікті оқитын теориялық сабақтарымнан бөлек зерттеу жұмыстарымен машықтануға да мүмкіншіліктер бар. Алдағы уақытта болашақ талапкерлерге өз аймағымыздағы университеттен білім алуға, мол мүмкіншіліктерді пайдалануға кеңес беремін.

Байарыстанова Жұлдыз

Ш.Есенов атындағы КМТИУ-нің «Экономика және құқық» факультетінде жоғары білім алу туралы шешім қабылдаған кезде, болашақ мамандығыма қажет тәжірибелік тұрғыдан дағдылануға талпындым. Университет маған жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндіктер беретін кең білім алуға жол ашты. Қазіргі таңда мен өз таңдауымда қателеспегенімді нық сеніммен айта аламын

Бектубаева Алия

Сұрағыңыз болса: