Ғылым

«Педагогика» факультеті мамандықтарының ғылыми-зерттеу жұмыстары оқытушылардың ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған ғылыми конкурстар мен жобаларға қатысуы, оқытушылардың республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, баяндама оқуы, ғылыми және әдістемелік семинарлар, ғылыми тағлымдамаларға қатысуы арқылы әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану бағыттары бойынша атқарылады.

Кафедралар төмендегі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:

  • «Маңғыстау өңірі рухани құндылықтарының лингвистикалық аспектілері»;
  • «Маңғыстау ақын-жазушылары шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері»;
  • «Білім берудің педагогикалық-психологиялық аспектілері»;
  • «Жеке бағытта шетел тілін оқыту»;
  • «Маңғыстаудың жер асты сулары-жылу және электр энергияларының көздері»;
  • «Математика, физика ғылымдарындағы жетістіктерді оқу үрдісіне ендіру»;
  • «Маңғыстау өлкесінің ландшафты ерекшеліктері».

Аталған бағыттар негізінде «Мұрын жырау және Қырымның қырық батыры», «Қалнияз Шопықұлының мұрасы, «Серікбол Қондыбай зерттеулері: жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар контексінде», «Тәуелсіздік дәуірі – егемен ел шежіресі», «Қазақ әдебиеттану ғылымы және З.Қабдолов мұрасы», т.б. конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар ұйымдастырылды.

Факультет студенттері жыл сайын Республиканың Білім және ғылым министрлігі өткізетін Пәндік Олимпиадаларға қатынасып, жүлделі орындарға ие болуда.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен VI Республикалық пәндік олимпиадасында 5В010900-Математика мамандығының студенттері Жалпы командалық сайыста 1-орын, жеке сайыста екі 2 орын жеңіп алса, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен Республикалық пәндік олимпиадада 5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамындығының студенттері командалық сайыста 3-орын алды.

5В010900-Математика және 5В011000-Физика мамандықтары студенттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық IV патриоттық форумының «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауында командалық ІІ орынды иеленді.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын өңірде жүзеге асыру мақсатында барлығы 12 жоба, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасынан «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша «Өлкетану» базалық жоба аясында 9, «Саналы азамат» базалық жоба аясында жүзеге асыруға 2 жоба, «Биология және география» кафедрасынан «Қазақстанның сакралды географиясына» 1 жоба ұсынылды. 2017 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасынң профессоры Б.Ә. Көшімованың «Үстірттегі көненің іздері» атты кітап-альбомы, кафедра доценті Ш.С. Әбішеваның «Ұлттық проза: көркемдік талғам негізі» атты монографиясы баспадан шықты.

2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша факультет оқытушыларының Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дің Ғылыми кеңесі ұсынған 2 монографиясы, ҚР БҒМ ОӘК ұсынған 2 оқу құралы (РУМС), 3 оқу құралы, 5 оқу-әдістемелік құралдары, Халықаралық, республикалық конференция жинақтарында 25, БҒСБК ұсынған журналдарда 27, отандық және шетелдік басылымдарда 40-тан астам, Импакт-факторлы ғылыми журналдарда 3 ғылыми мақалалар жарық көрді.

Сұрағыңыз болса: