Yessenov University басшылығы «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім қорында

9 ақпан күні Yessenov University басшылығы Алматы қаласындағы «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім қорында болды. Басшылық қор жұмысы және жетістіктерімен танысып өтті. Shakhmardan Yessenov Foundation қорымен ынтымақтасу бағыттары:

1) Yessenov University студенттерін ағылшын тілін жетілдіру бағдарламасы бойынша оқыту;

2)Yessenov University  мұғалімдерін ағылшын тілін оқытудағы коммуникативті әдістері бойынша оқыту бағдарламасын дайындау;

3) «Все простое —  правда» кітап баспасы;

4) Академиялық алмасу бойынша грант бағдарламасы;

5) Ш. Есенов стипендия бағдарламасы;

Аталған бағыттарға байланысты ынтымақтастық және қолдау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді. Кездесуді қорытындылай келе, ынтымақтастық бойынша жасалған ұсыныстар:

1) Ағылшын тілін оқыту;

2) PR – жоспарын жасақтау жұмыстары;

3) Есенов олимпиадасын ұйымдастыру.