Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау және түсіндіру іс-шарасы өтті

9 ақпан күні «Физика және математика» кафедрасының МАТ-15-1, ФИЗ-15-1 тобының студенттері кафедра професорлық оқытушылық құрамы мен студенттердің қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында студенттер өз баяндамаларымен сөз алды.

ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауы – біздің мемлекетіміздегі ең маңызды оқиғалардың бірі, себебі онда Елбасы біздің қоғамымызды дамытудың ең негізгі бағыттарын айқындап көрсетеді.

Жолдауда еліміздің әрбір азаматын ойландыратын нақты мақсаттар мен оларды шешудің өзекті жолдары анық көрсетілген.