Киев қаласының Еуропалық Университет профессоры дәріс циклін өткізді

Киев қаласының Еуропалық Университетінің Киберқауіпсіздік және ақпараттық жүйені қорғау кафедрасының меңгерушісі, профессор, техника ғылымдарының докторы, Валерий Лахно халықаралық әріптестік аясында «Ақпараттық жүйені жобалаудағы киберқауіпсіздік», «Ақпараттық жүйедегі ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру жолдары» атты жоғарғы курс студенттері, магистранттар және киберқауіпсіздік және ақпараттық жүйелерді қорғау саласындағы оқытушылар үшін дәріс өткізді. Сонымен қатар «Ақпараттық қорғау жүйесі», «Компьютерлік және математикалық моделдеу» мамандықтарының кафедрасы ашылуына орай білім беру бағдарламасы талқыланды.

Қазақстандық ғалымдарды әлемдік ғылыми кеңістікке біріктіру, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және украин университеттерімен студенттердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру үшін халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселесі талқылануда.