Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

2017 жылдың 29 желтоқсанда Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да ректоры Б.Б.Ахметов және ҚР Ұлттық Банкінің Маңғыстау филиалының директоры М.Б.Акимжанов қаржы сауаттылығын көтеру, бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау, қаржы салаларында жинақталған біліммен, тәжірибелермен алмасу және бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу мақсатында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсіміне университет басшылығы, «Экономика және құқық» факультет деканы, кафедра меңгерушілері, ПОҚ және Ұлттық Банкінің Маңғыстау филиалының директоры, директордың орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
Қатысушылар меморандум шеңберінде өзара қаржы сауаттылығын көтеру, бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау, қаржы салаларында жинақталған біліммен, тәжірибелермен алмасу және бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу бойынша переспективаларын атап өтті.
Кездесу соңында, қатысушылар алдағы уақытта ынтымақтастық аясында бірлесе қызмет етуге дайын екендігін білдірді.